Семейде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жайы талқыланды

Әлеумет
20.06.2019, 12:26
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Бүгінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мемлекеттік деңгейдегі маңызды шаралар қатарында тұр. Әсіресе, стратегиялық маңызға ие нысандар мен көпшілік орындарындағы сақтық, лаңкестік қауіптің жолын кесу жұмыстары алғашқы кезекте қарастырылуда.

Жуырда Семей теміржолшыларымен кездескен ШҚО Семей өңірлік дін мәселелерін зерттеу орталығының мамандары танымдықтағылымдық мәні зор кездесу жиынын өткізді. Басқосу барысында діни экстремизм мен радикализм профилактикасы және дәстүрлі емес діни ағымдардың қоғамға төндірер қаупі туралы әңгіме өрбіді. Көпшілік алдында теолог Мақсат Ботаханов сөз алып, адастырушы ағымдардың залалы жайында дәйекті пікір өрбітті. Өз баяндамасында әлем діндерінің ықшам тарихына тоқталған теолог жат діни ағымдардың пайда болуы мен іріткі жұмыстарына тоқталды. Сөз орайында шариғат пен салт-дәстүрді астастыра ұстану, ел бірлігі, конфессияаралық татулық, ұлттық таным туралы айтып өтіп, жамағаттың бірлігі, ата-бабаларымыз үшін дәстүрлі саналатын Ханафи мәзхабы жайында толғамды пікір білдірді.

Теолог маман бұдан өзге зайырлы қоғамның құндылықтарын қадірлеу, діни төзімділік мәселелерін де кеңінен сөз етті.

Сонымен қатар, Астана қаласынан келген өкіл, көліктегі полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл бөлімінің маманы Евгений Жураев та сөз алып, терроризм ұғымын кеңінен таратып түсіндіріп өтті. Сондай-ақ, қазіргі таңдағы жиһад түсінігі жайында да сөз өрбітті. Мұнымен қоса, жастардың шалыс қадам басуына көп жағдайда ғаламтордағы күмәнді сайттардың бүлдіргі ақпараты себеп болуда екендігін еске салды. Сөз орайында әлеуметтік желіні қолдануда да көп жағдайда заң бұзушылық тіркелетінін жеткізді. Атап айтсақ, діни сауаты жоқ кейбір азаматтар тыйым салынған ағымдардың бейнероликтерін өз парақшаларына білместікпен жүктеулері себепті әкімшілік құқықбұзушылық жауапқа тартылып жатқан жағдайлар да тіркелуде. Жалпы, деструктивті діни ағымдар жетегіне кетудің басында интернет желісіндегі белсенділік тұрғаны сөз болды. Жиынға қатысушылар өңірлік дін мәселелерін зерттеу орталығы мамандарына көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, қанағаттанарлық жауап алды. 

Аймақтар
04.08.2026
Боранды бекеттің бас қақпасы
Аймақтар
04.08.2026
Ғасырлық тарихы бар вокзалдар жаңарды
Қауіпсіздік
04.08.2026
Қауіпсіздік сызығынан аттама...
Қауіпсіздік
04.08.2026
Жүргізушілерге жадынама таратты
ҚТЖ келбеті
04.08.2026
Үздік атанған үштік
Жаңалықтар
04.08.2026
Ерен еңбектері еленді
Жаңалықтар
04.08.2026
Астана станциясының теміржол өткелінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Жаңалықтар
04.08.2026
«Жүк тасымалының» жетістігі
Аймақтар
04.08.2026
Мерейлі мереке, лайықты марапат
Аймақтар
04.08.2026
Құрмет төрінде – теміржолшылар
Аймақтар
04.08.2026
Ақтөбеде үздік теміржолшылар марапатталды
Аймақтар
04.08.2026
«Ахау Семей» шырқалған күн...
Аймақтар
04.08.2026
Мерейлі марапат
Аймақтар
04.08.2026
Маңғыстауда үздік теміржолшылар төсбелгілермен марапатталды
Аймақтар
04.08.2026
Сарышағанда «Теміржол саябағы» ашылды
Жаңалықтар
04.08.2026
Теміржолшылардың мерекелік демалысы
Спорт
04.08.2026
Арыстықтар – ауыспалы кубок иегері
Инфрақұрылым
04.08.2026
Бақты-Аягөз теміржол желісінің құрылысында жер төсемін тәуліктік төгу рекорды орнатылды
Жаңалықтар
04.08.2026
Нұрлы жол вокзалында ғимаратты салқындату бойынша қосымша шаралар қабылданады
Жаңалықтар / Мұрағат
04.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №60-61 04 тамыз 2026 жыл