Теміржолшылардың балалары Машат лагерінде демалады

Әлеумет
27.06.2019, 11:31
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Биылғы жазда Шымкент ЖТ бөлімшесі теміржолшыларының балалары жылдағыдай табиғаты көркем, ауасы таза, Түлкібас ауданында орналасқан Машат лагерінде демалады.

Маусымның алғашқы онкүндігінде Шымкент бөлімшесінен алғашқы лекпен аттанған 25 бала тамылжыған табиғат аясында 14 күн демалып оралды. Ал 24 маусым күні екінші кезекке жолдама алған 100 бала бүгінгі таңда лагерьде жаз қызықтарын бастан кешіп жатыр. Оңтүстік өңірде туризм саласында келушілерді қызықтыра білетін дема лыс орындары өте көп. Соның бірі – осы Машат лагері. Мұнда балаларға арналған қызықты бағдарламалар жетерлік, барлық жағдай жасалған. Онда маусым бойы білікті медицина қызметкерлері мен педагогтар лагерьге келген балалардың тәрбиесіне баскөз болады. Сонымен қатар, демалыс орнында кез келген болуы ықтимал қауіп-қатерлер ескеріліп, өрт және санитарлық нормалардың бәрі де алдын ала қамдастырылған. Балалар мұнда тек қана тамақтанып қоймай, бассейнде жүзеді, спорттың түртүрімен айналысып, өзара сайысады. Балалардың қауіпсіздігіне аймақтық кәсіподақ комитеті жауап береді. НОД ГП-9 бойынша қызметкерлермен жұмыс жасау бөлімінің бастығы Серік Тілеуімбетов биыл балалар демалысына 175 жолдама берілгенін айтып өтті.

«Бірінші кезек 10 маусымнан басталды.7 және 14 жас аралығындағы 25 бала бүгінгі таңда лагерьге барып келіп қойды. 24 маусымда екінші кезеңмен 100 бала Машат лагерінде демалуда. Ал үшінші кезең 8 тамызда басталады. Оған қалған 50 бала барады. Осымен биылғы жылға 175 баланы жазғы демалыспен қамтимыз», – дейді Серік Тілеуімбетов.  

Оның айтуынша, былтырғы жылмен салыстырғанда биыл балаларға жолдама аз бөлініпті. Былтыр бөлімше бойынша 475 бала барған екен. Ал биылғы квота бар болғаны 175 екен. «Биыл тек біздің бөлімшеде ғана емес, бүкіл филиалдарда солай аз бөлініп отыр», – дейді қызметкерлермен жұмыс жасау бөлімінің бастығы. Айта кетейік, жолдама бөлер кезде көпбалалы, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі балаларға басымдық беріліпті. – Біздің міндетіміз – балаларға жолдама беру ғана емес, оларға ыңғайлы, қауіпсіз, танымдық көкжиегін кеңейтетін орта сыйлау. Балаларға естен кетпес тамаша әсер қалдыру, – деді С.Тілеуімбетов. 

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады