Семейліктер Арыс балаларын қарсы алды

Әлеумет
17.07.2019, 13:43
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Ел шығысына оңтүстіктегі апат орын алған Арыс қаласынан 150-ге жуық балақай келді. Демалыс күні Семей қаласындағы теміржол вокзалында балаларды қарсы алу салтанаты болып өтті.

Семей магистральдық желі бөлімшесінің бас инженері Айдос Жаманбаев бастаған жергілікті теміржолшылар Алматы-Қызылорда пойызынан түскен балғындарды зор сәнсалтанатпен күтіп алды. Құттықтау сөз айтылып, ән мен жырдан шашу шашылған соң балақайлар Семей вокзалының жанында өздерін күтіп тұрған, теміржолшылардың көмегімен әзірленген арнайы көліктерге отырып, жазғы сауықтыру лагерьлеріне жол тартты.

– Шығыс теміржолшылары Арыспен бірге! Апат орын алған оңтүстіктегі қалаға семейлік сала қызметкерлері де қолдан келген көмектерін жасап жатыр. Бір күндік жалақы аударумен қатар, «Nur Otan» партиясы филиалы арқылы арнайы азықтүлік тиелген контейнер де жөнелттік, міне, енді балаларды алдырып, табиғат аясында демалдырып қайтармақпыз, бұл олардың бастан кешкен қорқынышты оқиғаны ұмытуына сеп болып, сергітер деп ойлаймыз, – дейді балғындарды күтіп алуға келген Жаңа-Семей жол дистанциясының кәсіподақ ұйымының төрайымы Зульфия Мәжитқызы.

Пойыздан жаңа түскен балғындарды сөзге тартқанымызда олар сол бір апат орын алған қорқынышты күнді әлі де көздеріне жас ала отырып айтып берді. Лагерьде олармен психолог мамандар жұмыс істеп, түрлі көңілді ойындар өткізуі жоспарланған екен. Балақайлардың жаз қызығын көңілді өткізулеріне біз де тілектестік білдірдік.

Аймақтар
04.08.2026
Боранды бекеттің бас қақпасы
Аймақтар
04.08.2026
Ғасырлық тарихы бар вокзалдар жаңарды
Қауіпсіздік
04.08.2026
Қауіпсіздік сызығынан аттама...
Қауіпсіздік
04.08.2026
Жүргізушілерге жадынама таратты
ҚТЖ келбеті
04.08.2026
Үздік атанған үштік
Жаңалықтар
04.08.2026
Ерен еңбектері еленді
Жаңалықтар
04.08.2026
Астана станциясының теміржол өткелінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Жаңалықтар
04.08.2026
«Жүк тасымалының» жетістігі
Аймақтар
04.08.2026
Мерейлі мереке, лайықты марапат
Аймақтар
04.08.2026
Құрмет төрінде – теміржолшылар
Аймақтар
04.08.2026
Ақтөбеде үздік теміржолшылар марапатталды
Аймақтар
04.08.2026
«Ахау Семей» шырқалған күн...
Аймақтар
04.08.2026
Мерейлі марапат
Аймақтар
04.08.2026
Маңғыстауда үздік теміржолшылар төсбелгілермен марапатталды
Аймақтар
04.08.2026
Сарышағанда «Теміржол саябағы» ашылды
Жаңалықтар
04.08.2026
Теміржолшылардың мерекелік демалысы
Спорт
04.08.2026
Арыстықтар – ауыспалы кубок иегері
Инфрақұрылым
04.08.2026
Бақты-Аягөз теміржол желісінің құрылысында жер төсемін тәуліктік төгу рекорды орнатылды
Жаңалықтар
04.08.2026
Нұрлы жол вокзалында ғимаратты салқындату бойынша қосымша шаралар қабылданады
Жаңалықтар / Мұрағат
04.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №60-61 04 тамыз 2026 жыл