Арыстан 100 бала «Машат» лагеріне жазғы демалысын өткізуге аттанды

Әлеумет
18.07.2019, 11:15

Сенбі күні Арыс қаласынан 100 бала «Машат» лагеріне жазғы демалысын өткізуге аттанды. Балалар алдымен қаламаңы тасымалы арқылы Шымкент вокзалына келді. Ол жерден арнайы екі автобуспен Манкент маңындағы лагерьге қарай бет алды.

«Жаз жайнатып, күн күлдіріп, біз лагерьге барамыз...» деп әндеткен балалардың қуанышында шек жоқ. 7 және 14 жас аралығындағы балалар үшін жолдаманың құны – 40 мың теңге. «Теміржолшы атааналар жеңілдікпен ол соманың тек алты мыңын ғана төлейді» дейді Шымкент жүк тасымалы бөлімшесінің қызметкерлермен жұмыс жасау бөлімінің бастығы Серік Тілеуімбетов.

Биыл 7-сыныпқа өтетін Нұрасыл Серікбайұлы лагерьге бірінші рет бара жатыр. Ол демалыс аймағында есте қалатын қызықты күндердің көп боларына, жаңа достар табарына сенімді. Ал Айғаным Қалмахан лагерьге екінші рет бара жатқанын, Машат оған қатты ұнайтынын айтты.

Арыс қаласынан барған балаларды жастарына қарай 9 жасаққа бөледі екен. Бір бөлмеде 5 баладан жайғасады. Төрт мезгіл тамақ беріледі. «Лагерьдің бағдарламасы өте қызықты, мәдени-спорттық шараларға толы. Атап айтқанда, балалар күн сайын таңертең жаттығу жасайды, екі рет бассейнге түседі. Одан бөлек, балаларға арналған шахмат, дойбы, пейнтбол үйірмелері жұмыс істейді. Кешкісін далада ашық сахнада концерт қойылып, соңы балалар би кешіне ұласады. Арнайы диджей түрлі-түсті әуендермен кешті шаттыққа бөлейді. Балақайлар үшін қызық көп болмақ», – дейді ұйымдастырушылар.

360 бала қабылдайтын «Машат» лагеріндегі бұл лек үшінші маусым екен. Демалыс аймағында 26 қызметкер бар: педиатр, дене шынықтырудан жаттықтырушы, үйірме үйретушілері, аула тазалаушылар мен кір жуушылар.

Республикалық маңызы бар лагерьге еліміздің өзге аймақтарынан да балалар келіп жатады. Бұған қоса, лагерь жанында балаларға арналған дүкен бар. Онда оқушылар балмұздақ, печенье, тәтті сусын, т.б. сатып ала алады.

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады