Жастар құрылтайына - 10 жыл

Әлеумет
26.07.2019, 09:36
Любовь Негембелева

Қазақстан теміржолының дарынды да қабілетті жастарының жыл сайын басын қосатын интеллектуалдық пікірталас алаңы – «Сен болмасаң, кім?!» жастар лагеріне биыл 10 жыл. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналатын теміржол саласының үздік жастары жылда сұлу Көкше жерінде, Бурабайда бас қосса, биылғы жылғы мерейтойлық датаны олар Нұр-Сұлтан қаласының іргесіндегі танымал демалыс аймағы – Грин паркте өткізді.

Елорда іргесіндегі Нұра өзенінің жағасындағы тамаша демалыс аймағында компанияның 200-ге жуық жастары жиналған жазғы лагерь 21 шілдеде салтанатты түрде ашылды. Әдеттегідей мемлекеттік әнұранмен басталған шараны құттықтау сөзбен ашқан «Самұрық-Қазына» АҚ әлеуметтік өзара іс-қимыл және коммуникация орталығының бас директоры Елдос Өмірзақов «ҚТЖ – нағыз өз ісінің білгірі, білікті жастардың қалыптасқан, шоғырланған ортасы деп санайтынын жеткізді.

– Құрметті жастар, әріптестер, бүгін міне сіздермен бірге жазғы лагерьдің ашылуына қатысып отырғаныма қуаныштымын. Қазақстан теміржолы компаниясының өз жастарына деген қамқорлығы, жас буынға құрметқошеметі ұнады маған, жалпы лагерь бағдарламасы ұнады. Жас қызметкерлерін осылай қолдап отыру әр компанияның басты құндылығы деп есептеймін. Жастарға еркіндік пен сенім бар жерде сәттілік пен табыс қатар жүретіні сөзсіз. Сондықтан бәріңізге сәттілік тілеймін, – деді ол.

Жастармен тікелей жұмыс істеуде белсенді шаралар атқаратын компанияның Адами ресурстарды басқару департаментінің директоры Тамила Микулич та өз кезегінде жастарға ықылас-тілегін жеткізді.

– Бүгін сіздердің орталарыңыздан табылу – мен үшін үлкен мақтаныш. Сіздердің жастық жігеріңіз бен жалындаған көңіл-күйлеріңіз ерекше әсер етеді. Лагерьде өткен үш күнде әбден бойымызға қуат жинап, соны келесі жылғы лагерьге дейін жеткізейік. Жыл бойына осы жерден алған күш-қуаттарыңыз сарқылмай, өз мақсаттарыңыз үшін жұмыс істеулеріңізге тілектеспін, – деді ол.


Теміржол жастарының жарқын болашағына жол ашатын шара барысында танылып, одан әрі талай белестерді бағындырған жастар атынан компанияның Ақмола магистральдық желі бөлімшесінің персоналмен жұмыс жөніндегі бөлім менеджері, Көкшетау қаласы бойынша жастар ісі жөніндегі кеңестің аймақтық өкілі Ержан Жаналиев Компанияның барлық жастары атынан қоғам басшылығына осындай жастар саясатын жүргізіп, жас буынның жеке тұлға ретінде дамуына мүмкіндік жасап отырғаны үшін алғыстарын жеткізді. «Кез келген компанияның кадрлары – сол мекеменің басты құндылығы, ал жас кадрлар – тек сол ұжымның ғана емес, елдің болашағы. Компанияның дамуы, елдің өркендеуі біздің қолымызда, сондықтан алға, замандастар», – деді жас теміржолшы сөз соңында әріптестеріне қарата.

Осыдан кейін жастар алдағы үш күннің жоспарын талқылап, басқосудың әр күнін тиімді өткізуге ден қойды. Былтырғы Бурабайдағы демалыстарын еске алып, сол күндерден дайындалған арнайы бейнероликті тамашалады.

Теміржол сынды алып та үлкен компанияның өндірістік қызметкерлері бола тұра, «өнерге әркімнің-ақ бар таласы» демекші, бойға біткен талант-дарындарының арқасында театр мен сахна саңлақтарынан кем түспейтіндерін осы үш күнде тағы да паш етті. Жас теміржолшылар бұл күндері өз мамандықтарынан бөлек, реті келсе, «сегіз қырлы, бір сырлы» бола алатындарын танытып, пародист те, әнші де, биші, әртіс те болды. Қиын түйінге негізделген жұмбақтың шешімін таба білер ұтымды да ұтқыр ой пікірлері мен ақыл-кеңестерін де көрсетті.


Жастар құрылтайына биылғы жылы бірінші рет келгендер де бар, қатарынан бірнеше жыл қатысып келе жатқан, өздерін «суда жүзген балықтай» еркін сезініп жүрген «ардагерлер» де аз емес. Қысқасы, үш күн бойы жұптары жазылмаған жастар қаузамаған тақырып қалмады. Ортақ кәсіптері теміржол саласының бүгінгі таңдағы тыныс-тіршілігі, өндірістегі жаңалықтар мен проблемалы тұстарын сөз етуден бастап, достық, адалдық және махаббат сынды жастардың сүйікті тақырыптарын қозғап, қызу пікірталас та өрбітті, түрлі ойындар ойналып, ой-өріс жарысы тимбилдингке қатысып, оза шауып, өнері асқан жастар компания басшылығының марапаты мен ризашылығына бөленді. 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады