Темір жолдың болашағы - жастардың қолында

Әлеумет
30.07.2019, 17:06
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Жастар жылы аясында семейлік теміржолшы жастардың белсенділігі арта түскен. Әсіресе, қоғамдық жұмыстар мен әлеуметтік қолдау көрсету және ұлттық компания бойынша қолға алынған бірқатар корпоративтік шараларда көш басынан табылуда.

Жуырда Семей ЖТ бөлімшесінің басшысы Марлен Көкірекбаев семейлік жастар ұйымының мүшелерімен кездесіп, атқарылған шараларды сараптап, алдағы жоспарларды өзара кеңесе отырып, пысықтады. «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасы жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестің Семей ЖТ бөлімшесі бойынша аймақтық өкілі Ілияс Несіпқамит бөлімше басшысына жастардың қатысуымен орын алған соңғы шаралар туралы кең көлемде мағлұмат берді. Атап айтсақ, жуырда өткен Х корпоративті жастар лагерінің мерейтойлы сессиясында күллі ұлттық компания жастарының арасында семейлік команда ерекше көзге түсіп, бірқатар аталымдар бойынша бас жүлдені еншілепті. Сондай-ақ, 12 адамнан тұратын жастар командасының мүшелері түрлі конкурстардың жеңімпаздары атанып, дипломдармен марапатталыпты. Өнерімен көзге түскендер арасында Дәулет Қабдоллаев, Арайлым Қосановаларды ерекшелеп айтуға болады.

Жастар ұйымының басшысы сонымен қатар алдағы жоспарларымен де таныстырып өтті. Бұл ретте бірқатар межелі шаралар бөлімше басшылығымен тыңғылықты ойластырып, кеңесуді қажет етеді. Себебі, жастар тек ҚТЖ бойынша ғана емес, облыс көлеміндегі түрлі шараларға белсене қатысып, теміржолшылар атынан сынға түсіп жүр.

Өз кезегінде жастарды жеңістерімен құттықтаған Марлен Кәрімұлы әрдайым осылай батыл ізденіс үстінде жүріп, биіктерді бағындыруға ұмтылудың маңызы жөнінде айтып өтті. Сонымен қатар, жастарға кәсіби ізденіс жүргізіп, біліктілікті арттырып, болашақта мықты басқарушы маман ретінде қалыптасу туралы кеңес берді.

«Болашақ – сендердің қолдарыңда. Сондықтан осы бастан қарымқабілеттеріңді шыңдап, салаға өз үлестеріңді қосуды, жаңалық әкелуді мақсат етіңдер», – деді бөлімше басшысы жас буынға. 

Жаңалықтар
04.08.2026
Құрық порты 2026 жылдың І-ші жарты жылындағы жұмысын қорытындылады
Аймақтар
04.08.2026
Боранды бекеттің бас қақпасы
Аймақтар
04.08.2026
Ғасырлық тарихы бар вокзалдар жаңарды
Қауіпсіздік
04.08.2026
Қауіпсіздік сызығынан аттама...
Қауіпсіздік
04.08.2026
Жүргізушілерге жадынама таратты
ҚТЖ келбеті
04.08.2026
Үздік атанған үштік
Жаңалықтар
04.08.2026
Ерен еңбектері еленді
Жаңалықтар
04.08.2026
Астана станциясының теміржол өткелінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Жаңалықтар
04.08.2026
«Жүк тасымалының» жетістігі
Аймақтар
04.08.2026
Мерейлі мереке, лайықты марапат
Аймақтар
04.08.2026
Құрмет төрінде – теміржолшылар
Аймақтар
04.08.2026
Ақтөбеде үздік теміржолшылар марапатталды
Аймақтар
04.08.2026
«Ахау Семей» шырқалған күн...
Аймақтар
04.08.2026
Мерейлі марапат
Аймақтар
04.08.2026
Маңғыстауда үздік теміржолшылар төсбелгілермен марапатталды
Аймақтар
04.08.2026
Сарышағанда «Теміржол саябағы» ашылды
Жаңалықтар
04.08.2026
Теміржолшылардың мерекелік демалысы
Спорт
04.08.2026
Арыстықтар – ауыспалы кубок иегері
Инфрақұрылым
04.08.2026
Бақты-Аягөз теміржол желісінің құрылысында жер төсемін тәуліктік төгу рекорды орнатылды
Жаңалықтар
04.08.2026
Нұрлы жол вокзалында ғимаратты салқындату бойынша қосымша шаралар қабылданады