Туристік пойыз сапары тәмам

Әлеумет
14.08.2019, 09:39
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Жұма күні Елордада «Туған елге саяхат» балалар туристік пойызы жобасының биылғы маусымдағы салтанатты жабылу рәсімі өтті. Биыл үшінші рет жүзеге асып отырған жоба Қазақстан мен көрші елдерден келген 600 балаға еліміздің көрікті қалалары мен елді мекендерін тамашалап, саяхаттауға мүмкіндік сыйлады.

Тур аясында балалар Нұр-Сұлтан, Алматы, Тараз, Байқоңыр қалаларында болып, әр қаланың тарихымен танысты, сондай-ақ Балқаш көліне шомылып, жазғы демалыстарын естен кетпес тамаша көңіл-күймен өткізді. Сонымен қатар балалар бір-бірлерімен достасып, пойыздың қалалар арасында сапары кезінде түрлі үйірмелер мен шеберлік кластарына қатысып, уақыттарын қызықты өткізді.

– Бүгін «Туған елге саяхат» балалар туристік пойызы жобасы мәресіне жетіп отыр. Бүгін пойыздың соңғы қатысушыларымен кездесіп отырмыз. Саяхат балалардың көңілдерінен шықты деп ойлаймын. Сөз реті келгенде, осы жобаның сәтті жүзеге асуына белсене қатысқан серіктесіміз «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына, Әлеуметтік жобалар қорына зор алғысымызды білдіреміз. Алғаш бұл жоба 2016 жылы жүзеге асты. Жыл сайын пойыз бағдары ауысып отырады. Сонымен балалардың атааналарына да алғыс айтамыз, олар әлеуметтік желілерде белсенділік танытып, балаларының алған әсерлерімен бөлісіп отырды. Бұл жобаның аясы кеңіп, қатысушылар саны артып келеді. Бастапқы жылы 90 бала болса, биыл қатысушылар саны 600 баланы құрап отыр. Сондықтан біздің сүйікті жобаларымыз санатынан саналатын бұл жоба келешекте де жалғасын табады деген ойдамыз, – деп ой бөлісті «Samruk-Kazyna Trust» ресми өкілі Мирас Еркебаев.

Биылғы жобаның ерекшелігі, оған көрші елдерден, атап айтқанда Ресей, Моңғолия, Белоруссия, Украинадан келген қазақ диаспорасының өкілдерінен 50 бала қатысты. Сонымен қатар жоба қатысушылары қатарына еліміздің шалғай өңірлерінде орналасқан көпбалалы және толық емес отбасында тәрбиеленіп жатқан, оқу үлгерімі жақсы, сондай-ақ, өндірістік кәсіпорындар мен зауыт жұмысшыларының 500 баласы және де шығармашылық байқау қорытындысы негізінде Қазақстан бойынша анықталған жеңімпаз 50 бала кірді.

– Мен «Туған елге саяхат» балалар туристік пойызы жобасы арқасында тарихи отанымның тамаша қалаларын аралап, көп мағлұмат алдым.  

Осы жобаны ұйымдастырушыларға алғысым шексіз, – дейді Орынбордан келген Әлихан есімді жеткіншек.

Соңғы маусым қатысушылары «Жетісу» саябағында өздері дайындаған концерттік бағдарламаны көпшілік назарына ұсынды. Ал салтанатты жабылу рәсімі соңында осы жобаны насихаттап, елге танытқан бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады