Теміржолшылардың балалары арасында сурет байқауы өтті

Әлеумет
21.08.2019, 14:30
Асел Танатарова

«Теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің кәсіби одағы» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен, ЖТ Жамбыл бөлімшесі кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен теміржолшылардың балалары арасында «Балауса болашақ» сурет байқауы өтті.

Балалар мен жасөспірімдер қатысқан шарада 5-7 жас аралығындағы балалар еркін тақырыпта, 8-11 жастағылар «Қазақстан темір жолына – 115 жыл», ал 12-14 жастағылар «Еңбек қауіпсіздігі – балалар көзімен» деген тақырыптарда көркем ойларын қылқаламмен бейнеледі. Айта кетерлігі, байқау биылдыққа осымен екінші рет ұйымдастырылып отыр. Алғашқы байқауда бөлімшеден небәрі 14 бала бақ сынаса, бұл жолы 45 жеткіншек қызығушылық танытып, акварель, гуаш, акрил, қылқаламмен салынған суреттерін қазылар алқасына ұсынды. Балалардың еңбегінен олардың теміржол тақырыбын тәптәуір білетінін, қауіпсіздік тақырыбын да аша алғанын аңғаруға болады. Байқау нәтижесінде жастарына қарай бірінші, екінші, үшінші орын жеңімпаздары анықталып, бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды. Енді жеңімпаздардың жұмыстары ҚТЖ орталық аппаратына жөнелтіліп, байқаудың келесі кезеңіне қатыспақ. Жоғары баға алған жұмыстар постер, буклет, күнтізбе, брошюра, плакаттарға үлкейтіліп шығарылады деп жоспарлануда. Байқау барысында балақайларға балмұздақтар мен тәтті сусындар үлестіріліп, балғындарға мереке сыйлады. 

Аймақтар
01.08.2026
Орал станциясының жаңартылған вокзалы ауқымды жаңғыртудан кейін есігін ашты
Инфрақұрылым
01.08.2026
Қандыағаш-Тобыл темір жол учаскесін жаңғыртудың екінші кезеңі аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Ақмола облысында 5 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Шығыс Қазақстан облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жамбыл облысында боранды теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жетісу облысында жолаушылар инфрақұрылымының екі нысанын жаңғырту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Ұлытау облысында 3 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Павлодар облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
31.07.2026
Күш адамдар бойында: ҚТЖ кәсіби мерекеге орай өндіріс озаттарын марапаттады
Аймақтар
31.07.2026
Атырауда үш вокзал ашылды
Аймақтар
31.07.2026
Ақтөбе облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
ҚТЖ келбеті
31.07.2026
Бурабайлықтар көш басында
Цифрландыру
31.07.2026
Темір жолдың цифрлық жүрегі
Жаңалықтар
31.07.2026
Алғыс айтты
Жаңалықтар
31.07.2026
Үздік станция – Астана-1
Жаңалықтар
31.07.2026
Республикалық байқау өтті
Аймақтар
31.07.2026
Еңбек ер атандырған Ерлан
Аймақтар
31.07.2026
Аягөздің абыройлы азаматы
Аймақтар
31.07.2026
Достық – мүмкіндіктер мекені
Аймақтар
31.07.2026
Түбекке танымал тұлға