Рухани керуен - Достық станциясында

Әлеумет
28.08.2019, 09:49
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Жуырда Достық станциясында «Рухани керуен» жобасы аясында жиын өтті. Рухани құндылықтарды дәріптей отырып, әрбір қазақстандықтың рухани санасын жаңғырту, туған жерге деген сүйіспеншілігі мен патриоттық сезімін арттыруды көздеген жиынға шекаралық бекет теміржолшылары қатысты.

 Станцияның өндірістік оқыту инструкторы Қанат Машариповтың айтуынша, Алматы облыстық дін істері басқармасының мұрындық болуымен ұйымдастырылған шара Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алынып отыр. Өңірде 2017 жылы басталған бастаманың басты мақсаты – Қазақстан халқының дәстүрлі рухани мәдениетін ілгерілету, мемлекетіміздің рухани тірегі, дініміздің жалпыға ортақ адамгершілік қағидасын насихаттау, рухани құндылықтарды жаңғырту және деструктивті діни ағымдарға қарсы имммунитет қалыптастыру, жастардың дәстүрлі дінге деген көзғарасын айқындап, қазақтың төл мәдениеті мен тілін, салт-дәстүр, әдеп-ғұрпын насихаттау.

– Елбасы өз мақаласында саяси жаңғырудың да, экономикалық жаңғырудың да табысты болуы бірінші кезекте қоғамдық сананың руханият басым болатын деңгейіне тәуелді екенін атап айтты. Сондықтан бүгінгі таңдағы рухани қайта өрлеу – ең өзекті міндет. Қазақстанның Үшінші жаңғыруын іске асыру шеңберінде, үш жаңғырту процесі жүзеге асырылатын болады: саяси реформа, экономикалық өрлеудің жаңа моделін құру және қоғамдық сананы жаңғырту. Қазақстан халқының дәстүрлі рухани мәдениетін ілгерілету, мемлекетіміздің рухани тірегі – діннің жалпыға ортақ адамгершілік қағидаларын дәріптеу баршамыздың азаматтық борышымыз саналады, – деді өз сөзінде Қ.Машарипов.

Достық станциясы директорының бірінші орынбасары Еркебұлан Сейсенов осындай ауқымды шараға атсалысқандарға алғыс білдіре отырып, «Рухани керуен» жобасы аясында жоспарланған жұмыстарға табыс тіледі. «Дін – аса мұқияттылықты, терең зерттеуді, биік сауаттылықты, әсіресе, жан тазалығын қажет етеді. Сондықтан осы қасиеттерді халыққа жеткізіп, жетілдіріп отыру керек. Сонда ғана жұрттың дінге деген ұстанымына селкеу түспейтін болады. Осы орайда «Рухани керуен» жобасы азаматтардың діни ұстанымын бекемдеп, дәстүрлі дінге деген көзқарасын қалыптастыруына мүмкіндік береді деп сенемін» деді станция басшысы. Жиын соңында шараға қатысушылар Оpen air стилінде ашық аспан астындағы көрмені тамашалады. 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті