Қызылордалық теміржолшылар «Мектепке жол» акцияға қатысты

Әлеумет
02.09.2019, 09:08
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Балалардың жазғы демалысы бітер-бітпес олардың мектепке дайындығына кірісетін қызылордалық теміржолшылар «Мектепке жол» акциясы аясында әлеуметтік көмек көрсету шараларын өткізуде.

Кеше «Теміржолсу-Қызылорда» мекемесінің теміржолшылары ұжымдастарының балаларын қуантты. Олар әлеуметік санатына қарай 67 балаға қаржылай көмек берді. Олар – көпбалалы немесе мүгедек балалы отбасылар, жалғызбасты аналар, басқа да өзгенің көмегіне мұқтаж, әлеуметтік санатына қарай дәрежеленген отбасылардың балалары. Оларға жалпы сомасы 152090 теңге көлеміндегі қаржы үлестіріліп, отбасының есепшотына аударылып берілмекші.

– Жыл сайын «Мектепке жол» акциясы мен отбасы күні қарсаңында аз қамтылған отбасыларды қолдау мақсатында әлеуметтік көмек беріледі. Биыл санаты мен отбасы жағдайына қарай 67 балаға көмек көрсеттік. Оның ішінде 10 бала биыл мектеп табалдырығын алғаш аттағалы тұр. Оларға кәсіподақ тарапынан жалпы құны он мың теңге көлеміндегі мектепке қажетті оқу құрал-саймандары толтырылған портфель берілді, – деді мекеме басшысы Марат Шайжан.

Әрине бұл көмек отбасының әлеуетін еселемегенмен, баланың қатарынан кем болмай, мектепке, білімге деген құлшынысын арттыра түсуге ықпал етсе болғаны. 

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады