Бірге – таза Қазақстан: «Теміржолшылар» саябағын тазалады

Әлеумет
02.09.2019, 11:24

Жалпы республикалық «Бірге – таза Қазақстан» акциясы еліміздің барлық аймағында өткізілуде. Тазалық сақтауды, қоршаған ортамен ізгі қатынас орнатуды, экологиялық мәдениетті қалыптастыруды көздеген кең көлемді шараға теміржолшылар да үн қосуда.

Жуырда «ҚТЖ» ҰК» АҚ қарасты Шу теміржол торабындағы мекемелердің қызметкерлері тайлытаяғы қалмай «Теміржолшылар» саябағында тазалық пен абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Бұл күні локомотив пайдалану депосының ма шинистері мен машинист көмекшілері, байланысшылар (ШЧ-35) мен жолшылар (ПЧ-50), энергетиктер (ЭЧ-22) мен станциялықтар және басқа да теміржолшылар басшы-қосшысы түгел осы жерден табылды. Бірлескен еңбектің нәтижесінде тұрғындардың демалыс орны қоқыс қалдығы мен қураған шөп-шалаңнан тазартылып, бордюрлер әктеліп, талдар кесіліп, түптері қопсытылып, тек орындықтар ғана емес, саябақтың ортасында орналасқан екі ескі ескерткіш те сырланды.

Өткен аптада Шу ауданының әкімі Айтақов теміржол мекемелерін аралап, теміржолшылармен кездесуде осы «Теміржолшылар» саябағының күтімі сөз болғанын айтқан болатынбыз. Әкім өз кезегінде саябаққа су келтіру мәселесін шешуге көмектесетінін жеткізген. Бүгін, міне, «көп түкірсе – көл» демекші, көптің атсалысуымен «Теміржолшылар» саябағы ажарланып, көрер көзге жайнап шыға келді. Теміржолшылардың сенбілікке жалпы республикалық акция кезінде ғана емес, ағымдағы айдың басында аталып өткен Көлік қызметкерлері күні қарсаңында да шыққан болатын. Енді олар «Теміржолшылар» саябағының күтімін тұрақты қадағалап отырмақ.

Динара БАТЫРХАЙЫРОВА, Шу

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады