«Денсаулық» пойызының дәрігерлері қорытынды жасады

Әлеумет
03.09.2019, 11:11

«Денсаулық» медициналық пойызының дәрігерлері Батыс Қазақстан облысы бойынша жүргізілген жұмыстарын қорытындылады.

Бұл өңірдегі 9 шалғай станцияны аралап, халыққа тегін медициналық-диагностикалық қызмет көрсеткен олар сол аралықта онкологиялық ауру белгілері бар азаматтарды да анықтаған.

Аталған пойызда осы өңірдің 3733 тұрғыны қаралған, оның ішінде 134 бала бар. Халық терапевт дәрігерлерге бәрінен көп қаралған, яғни 530 тексеру болған. Сонымен қатар 426 адам офтальмологтан, 413 пациент тіс дәрігерінен тексеруден өткен. Тұрғындардың бірі Татьяна Берхееваның айтуынша, бұл медициналық пойыз жергілікті халық үшін құтқарушы десе де болғандай. Себебі олардың қалаға баруға жағдайы да, көлігі де бола бермейді. Сондықтан жылда бір рет келетін медициналық пойыз қызметіне олар әбден үйренген.

«Денсаулық» медициналық пойызы 29 сәуірде жолға шыққан, 21 желтоқсанға дейін жұмыс істейді. Олар шамамен 60 мыңнан астам адамды медициналық тексерістен өткізуді жоспарлап отыр.

Жалпы, «Медициналық пойыздар» жобасы алғаш рет 2010 жылы іске қосылған. Осы уақыт ішінде консультациялық-диагностикалық пойыздарда еліміздің барлық облыстарынан 1326 станция тұрғындары тексеруден өтті. Мамандар 379 000 қазақстандықты тексерістен өткізді, оның 83 806-і – балалар. Дәрігерлік қабылдаулардың жалпы саны шамамен 2,5 млн құрады.

Жобаны «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы атынан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры және ҚР Денсаулық министрлігі, сонымен қатар «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның «Әлеуметтік жобалар» Корпоративтік қоры жүзеге асырады.

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады