«Маңғыстау.КЗ» жігіттері жарап тұр

Әлеумет
03.09.2019, 13:16

Жастар жылында маңғыстаулық теміржол жастары жыл басында уәде еткендеріндей жұмыста да, жұмыстан тыс уақытта да белсенділіктерімен көзге түсуде. Мәселен, аймақ теміржолының түрлі мекемесінде еңбек ететін жас жігіттерден құралған «Маңғыстау.кз» жайдарман құрамасы көптің ықыласына бөленіп жүр.

Олар қай жарысқа барса да олжасыз оралмайды. Алысқа ұзамайақ қояйық, осы жаз айларында жігіттер біраз жетістіктерімен жерлестерін қуантты. Жастар күніне орай тамыз айының бірінші жартысында республикалық «Жайдарман» ойынының жазғы фестиваліне ҚТЖ атынан шақырту алып, астаналықтарға теміржолшылардың өнерін танытып, зор қошеметке бөленіп қайтты. Мамыр айында Жайдарман Алматы «А» лигасында жартылай финалға жолдама алып келді. X корпоративті жастар лагерінің мерейтойлы сессиясына барып көңілді тапқырлар ойынының батысаралық лигасында біріншіліктен көрінді. «Аймақтар визиткасынан» екінші орынды еншіледі. Рамазан айында қайырымдылық іс-шараларына ұйытқы болып, олардың бастамасымен аз қамтылған отбасыларға азықтүлік тауарлары жеткізіп берілді.

− Біздің теміржолда жастар саясатына жақсы көңіл бөлінеді. Жастар жылында біраз жұмыстарды жүзеге асырдық. Нәтиже жаман емес. Негізінде қазыналы Маңғыстау жерінде өнерлілер көп, теміржолда да «сегіз қырлы, бір сырлы» жігіттер аз емес. Биыл командамыз сондай бір жігітпен толықты. Сай-Өтес станциясының операторы Дарын деген әріптесімізді қатарымызға қостық. Тобымыздың мүшесі Ғалымжан Жексенов биыл басшылықтың Алғыс хатын алды. Ержан Ниязқұлов «ҚТЖ Стар» ән байқауынан бірінші орынды иеленді. Енді командамыз қыркүйектің 13-14 күндері өтетін аймақтық форумға дайындалуда, – дейді теміржол жастарының Маңғыстаудағы өкілі Қуатбек Көпбаев. 

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады