80 жас теміржолшының әлеуметтік жобалар тыңдалды

Әлеумет
12.09.2019, 09:20
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбелік теміржолшы жастар «Аймақтық инновациялық даму» тренингінде бас қосты. Оныншы жыл қатарынан өтіп жатқан шара жастарды жан-жақты шыңдап, ой-өрісін дамыта түскеніне тағы да куә болдық.

Бұл жолы Ақтөбе облысының түкпір-түкпірінен келген 80 жас теміржолшының идеялары тыңдалды. Олардың дені – әлеуметтік жобалар.

«Жолаушылар вагондарына ұрлыққа қарсы қондырғы енгізу жобасымен келіп отырмын. Пойыздағы төсек жаймалары жиі ұрланады. Бізде жолаушылардың сөмкесін тексеруге рұқсат беретін арнайы бұйрық жоқ. Соңында жоғалған төсек-орынның шығыны жолсеріктен өндіріледі. Біз жобамызбен осы жағдайдың алдын алғымыз келеді. Қондырғы күнделікті сауда орнындағы аппарат секілді вагонның екі жақ есігіне қойылады. Мәселен, бір купеде 36 орын. Оның әрқайсысында төрт төсек-орыннан. Жолсерік 184 дана ішінде магниті бар пластикалық кішкентай жапсырманы бірден төсекке жапсырып береді. Ондай жапсырмамен вагоннан шыққан адамнан қондырғы тұсында дыбыс шығады. Қондырғы ұрлықты тоқтатады әрі компанияға тиімді болар еді. Ең бастысы шығын тоқтайды. Мен осындай ұрлықтың кесірінен болатын шығын мөлшерін де есептедім. Айына жүз вагоны бар бір пойыз 250-300 мың теңгеге шығатын төсек пен орамалды жоғалтады. Оны бір жылға есептегенде 3 млн теңгеге шығады екен. Осындай ақшасы ұсталған жолсеріктердің жолаушымен емен-жарқын сөйлесуге көңіл күйі болмайды. Соңында жұмыстан кетіп кадр тапшылығына әкеледі. Аппаратты жүз вагонға орнату үшін 2 млн 700 мың теңге керек, оны да есептедім», – дейді «Жолаушылар тасымалы» мекемесінің қызметкері Нұржан Жаңақашев.

Тренингке екінші жыл қатарынан қатысып жатқан Назерке есімді маман осыған дейін де облыстағы жүлделі үш орынның бірін алып, Астана қаласындағы бәйгеге қатысқан. «Тепловозға видео қондырғы орнату жобасымен келіп отырмын. Теміржол бойында жолға мал шығып кету оқиғалары жиі кездеседі. Адам қағу оқиғалары да аз тіркеліп жатқан жоқ. Осындай жағдайлардан соң машинистер тепловозды шұғыл тоқтатады. Бұл тоқтатудың қай уақытта болғанына тергеу жұмыстары жүреді. Егер тепловоздарда видео қондырғылары болса, машинисті ақтап алуға тиімді болар еді. Сонымен қатар тепловоздағы ұрлықтың алдын алуға көп көмектеседі деп ойлаймын. Жобаны жасаған кезде шағын зерттеу жұмыстарын жүргіздік. Жартыжылдық қорытынды бойынша бізде екі мекеменің өзінде 142 тепловозды шұғыл тоқтату жағдайы болған. Машинистің белгілі бір себеппен тоқтағандығын осы камералардан көре аламыз», – дейді Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесінің жетекші инженері Назерке Жаңабай.

Жастар жылымен сәйкес келіп тұрған оныншы форумға қатысуға ниет білдіргендер көп болған.Олардың ішінде үздік үшеуі ғана Астана қаласына жолдама ала алады.

«ҚТЖ – өз мүмкіндігіңді кеңінен танытып, жан-жақты дамуға даңғыл жол салатын бірденбір компания. Бұл тренинг – осының дәлелі. Жоба қорғауға 30-35 жастағы әріптестеріміз шақырылды. Қатысып жатқан 80 адамның 19 жобасы талқыланды. Өткен жылғылармен қарағанда биыл әлеуметтік жобалар көп», – дейді Ақтөбе теміржолы жастарының жетекшісі Дархан Әнуаров.

Жаңалықтар
04.08.2026
Құрық порты 2026 жылдың І-ші жарты жылындағы жұмысын қорытындылады
Аймақтар
04.08.2026
Боранды бекеттің бас қақпасы
Аймақтар
04.08.2026
Ғасырлық тарихы бар вокзалдар жаңарды
Қауіпсіздік
04.08.2026
Қауіпсіздік сызығынан аттама...
Қауіпсіздік
04.08.2026
Жүргізушілерге жадынама таратты
ҚТЖ келбеті
04.08.2026
Үздік атанған үштік
Жаңалықтар
04.08.2026
Ерен еңбектері еленді
Жаңалықтар
04.08.2026
Астана станциясының теміржол өткелінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Жаңалықтар
04.08.2026
«Жүк тасымалының» жетістігі
Аймақтар
04.08.2026
Мерейлі мереке, лайықты марапат
Аймақтар
04.08.2026
Құрмет төрінде – теміржолшылар
Аймақтар
04.08.2026
Ақтөбеде үздік теміржолшылар марапатталды
Аймақтар
04.08.2026
«Ахау Семей» шырқалған күн...
Аймақтар
04.08.2026
Мерейлі марапат
Аймақтар
04.08.2026
Маңғыстауда үздік теміржолшылар төсбелгілермен марапатталды
Аймақтар
04.08.2026
Сарышағанда «Теміржол саябағы» ашылды
Жаңалықтар
04.08.2026
Теміржолшылардың мерекелік демалысы
Спорт
04.08.2026
Арыстықтар – ауыспалы кубок иегері
Инфрақұрылым
04.08.2026
Бақты-Аягөз теміржол желісінің құрылысында жер төсемін тәуліктік төгу рекорды орнатылды
Жаңалықтар
04.08.2026
Нұрлы жол вокзалында ғимаратты салқындату бойынша қосымша шаралар қабылданады