Тұлғалық дамыту дәрісі

Әлеумет
18.09.2019, 18:37
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бойынша жұмыс беруші тарапынан жас мамандардың әлеуетін барынша тиімді пайдалану тұрғысында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Соның бірі жуырда Атырау жүк тасымалы бөлімшесіне қарасты теміржолшы жастар арасында екі күндік «Жобалық менеджмент» тренингі өтті.

Оның мақсаты – жас теміржолшылардың білімін жетілдіріп, кәсіби тұрғыда шыңдалуына мүмкіндік жасау. «Инновациялық білім беру» тақырыбында өткен тренингке Атырау бөлімшесіне қарасты 14 құрылымдық бөлімшеден барлығы 60 (30 – ЖТ, 30 – МЖБ) жас маман қатысты. Олардың ішінде пойыз құрастырушылар, вагон жөндеуші, байланысшы, локомотив машинисі мен көмекшісі, жол жөндеуші, вокзал қызметкері, т.б. жас мамандар бар. Тренингті Астана қаласындағы «Флоу Қазақстан» компаниясының маман-теренерлері Олжас Шегебаев пен Бағлан Қалдарбеков өткізді. Олардың айтуынша, мұндай тренингтердің мақсаты – жастардың білімін дамыту, жан-жақты болуға үйрету және бір-бірімен қарымқатынасын жақсартып, бірлікті нығайту. Бұған дейін олар Астана, Ақтөбе, Орал қалаларында осындай тренингтер өткізіпті. Кезек атыраулық жастарға келген. Шараны Атырау магистральдық желі бөлімшесінің директоры Елеубай Сапаров ашып, жастар жұмысына сәттілік тіледі. – Сіздердің жұмыстарыңыздың жемісті болуын тілейміз. Осындай ауқымды әрі аса қажет шарадан қалдырмау үшін жастарға барлық мүмкіндік жасалып отыр. Компания тарапынан жастар үшін қандай шара болса да қолдап келеміз. Жанжақты дамып, өсулеріңізге жағдай жасалуда. Бүгінгі тренинг – соның бір жаңа мүмкіндігі. Теміржолға жастар керек. Мемлекеттік «Жастар практикасы» бағдарламасы бойынша темір жолға қатысты мамандығы бар жастар 6 ай сынақтан өтсе, тұрақты жұмысқа алып жатырмыз, араларыңызда ондай мамандарымыз да бар. «Ақыл жастан» демекші, сіздерден тың идеялар күтеміз. Бәріңізге ақ жол, алдыңғы буын аға-апалар лайықты ізбасарлары болыңыздар. Жұмыстарыңыз жемісті болсын! – деді ол.

Тренинг барысында жастар әуелі танысудан бастап, бірқатар ширату ойындардан құралған кезеңдерден өтті. Яғни, іскерлікті шыңдау, идеялар іздеу, командалар құрастыру, менеджмент, көпшілік алдында сөйлеу, дизайн-ойлау, эмпатия, тестілеу, т.б. дағдыларды меңгерді. Әрине, негізгі бағыт – жаңа жобаларды ұсыну. Соған сәйкес, сәтті қорғалған 15 жоба іріктеліп алынып, оның ішінде ерекше мүмкіндігімен көзге түскен үш жоба ерекше аталды. Атап айтқанда, «Жолаушылар пойызы үшін медициналық персонал», «Қоқыс контейнері» және «Темір жол көлігі қызметкерлері үшін бірыңғай куәлік» жобалары. Олар енді Астанада өтетін 10-шы мерейтойлық республикалық бәсекеде бақ сынамақ.

– Әділқазылар алқасының шешімімен осы үш жоба үздік деп танылды. Үшеуі де өзекті деп білеміз. Жолаушылар пойызында ауырып қалатындар көп, соған орай медперсоналдың болуы қажет деп есептейміз. Сол секілді қоқыс жәшіктері де тазалық үшін керек. Ал куәлікке келсек, теміржол қызметкері екенін айғақтайтын құжат осы салада еңбек ететін жанның құқын қорғап, кәсіби маман екенін білдіреді. Міне, әр жобаның авторлары өз ұсыныстарын осылай тұжырымдап отыр. Біздіңше олар өзін ақтайды деп сенеміз, – дейді Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің маманы, облыстық жастар ісі жөніндегі аймақтық өкілі Фархат Қабдырашев. Жалпы, үш жоба да бүгінгі күнгі өзекті мәселені қозғап отырғаны анық. Сондықтан да білікті де тәжірибелі мамандардан құралған қазылар алқасы осы үш жобаны республикалық байқауға ұсынуға лайық деп тапты. 

Әлемде
26.08.2026
Иран мен Ауғанстан арасында жүк тасымалы 8 есе өскен
Жүк тасымалы
26.08.2026
ҚТЖ желісімен 8 млн тоннадан астам астық тасымалданды
Әлемде
26.08.2026
Болгарияда Skoda Group электропойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Әлемде
26.08.2026
Жапонияда Токио – Нагоя маглев желісінің құрылысы қайта жандануы мүмкін
Жаңалықтар
26.08.2026
Қазақстанда қала маңы электр пойыздары жаңартылады
Жаңалықтар
25.08.2026
Бурабай курортының теміржолшысы 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Жүк тасымалы
25.08.2026
ҚТЖ жаңа жылыту маусымына 19,5 млн тоннадан астам көмір жеткізді
Инфрақұрылым
25.08.2026
Алпыс сағаттық ауқымды жұмыс
Аймақтар
25.08.2026
Үздік жолшылар ұжымы – Құлсарыда
Аймақтар
25.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар жүк тасымалын табысты үйлестіріп отыр
ҚТЖ келбеті
25.08.2026
Қауіпті ақауды дер кезінде таныған маман
Әлеумет
25.08.2026
Ізгі дәстүр: Теміржолшылар бірінші сыныпқа баратын балаларға қолдау көрсетті
Аймақтар
25.08.2026
Ұрлық түбі – қорлық
Жаңалықтар / Мұрағат
25.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №67 25 тамыз 2026 жыл
Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жүк тасымалы
24.08.2026
Елімізде теміржол транзитін автоматтандыру аясы кеңейді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты