ҚТЖ-ның қызметкерлері «ПиР-2019» фестиваліне қатысты

Әлеумет
20.09.2019, 11:03

Қазақстан темір жолының бір топ қызметкерлері жыл сайын ұйымдастырылатын «ПиР-2019. Даму практикасы» фестиваліне қатысып, білім-біліктерін жетілдіріп қайтты.

Осы жылы 12-15 қыркүйек аралығында Ресейде өткен шара осымен сегізінші жыл әлемнің мыңнан астам кәсіпкерлері, бизнесмендері, HR мамандары, әлеуметтанушылары, бизнес-кеңесшілері, бизнес жаттықтырушылары және оқыту мен персоналды дамыту бойынша мамандардың басын қосты. Биылғы фестиваль тақырыбы «Кім маңызды?» деп аталды. Сонымен қатар әр күннің өз атаулары болды. Атап айтқанда, бірінші күнгі тақырып «Кім маңызды: Өмір жолы» деп аталса, екінші күні «Кім маңызды: Қызмет жолы», үшінші күні «Кім маңызды: Компания мен қоғамдастық жолы» және соңғы күні «Кім маңызды: Әлем жолы» деген тақырыптар барлық шараларға арқау болды. Төрт күн болған шара аясында 400-ге жуық шеберлік кластары өткізілді.

Шараға Қазақстан темір жолынан қатысушылардың бірі, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Адами ресурстарды басқару департаментінің бас менеджері Ақмарал Байғабылованың айтуынша, компанияның Орталық аппаратынан фестивальге қатысу үшін 45 қызметкер байқаудан өткен. Олар жаз бойы 3 модуль бойынша оқытылған. Фестивальдің Қазақстандағы ұйымдастырушылары солардың арасынан 5 жаттықтырушыны іріктеп алыпты.

– Біз ішкі жаттықтырушылар деп аталамыз. Яғни, мұнда жеке басты дамытуға бағытталған бағдарламаларға қатысамыз. Ұлттық компаниядан Алма Сәулебекова, Жанбота Шакиров бастаған бес қызметкер Ресейде өтетін биылғы фестивальге қатысуға жолдама алып, білім көкжиегімізді кеңітіп қайттық. Таңғы 10-нан кешкі 23.00ге дейін біз түрлі тақырыптардағы шеберлік кластарға қатыстық. Олардың бағыттары сан алуан, мәселен, шешендік өнерді жетілдіру, қоғаммен байланыс, адамдармен тіл табысу қасиеттерін дамыту, көпшілік алдында сөйлей білу, корпоративтік басқару және тағы да басқа көптеген тақырыптарда өрбіді. Енді сол алған білім, үйренген машықтарымызды компания көлемінде өтетін барлық шараларда әріптестерімізге үйрететін, жеткізетін боламыз, – дейді бас менеджер. 

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады