«Маңғыстау KZ» командасы ашық лигадан бас жүлде алды

Әлеумет
25.09.2019, 13:10
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Маңғыстау KZ» деген атпен көпшілікке таныс Маңғыстаудың жас та өнерлі теміржолшыларынан құралған әзілкештер командасын кім білмейді? Жуырда Маңғыстау облысының орталығы Ақтау қаласы күніне орай ұйымдастырылған «Жайдарман» ойындарында түбектің ҚТЖ командасы бас жүлдені жеңіп алды.

Жайдарман ойындарының ашық чемпионаты бойынша ½ жартылай финалында үздік командалық ойын көрсеткен теміржолшылар өз қарсыластарынан озық болып шықты. «Маңғыстау KZ» атымен таныс теміржолшы жайдарманшылар лигада өзге 6 командамен бәсекеге түсіп, бақ сынады. Финалға жолдама алған 5 команданың ішіндегі аталған жеңімпаз команда қала күніне орай тігілген арнайы Кубокты ұтып алып, теміржолшылардың мерейін үстем етті.

Команда капитаны, белсенді маңғыстаулық теміржолшы жас Қуатбек Көпбаевтың айтуынша, Жайдарман ойындары сәлемдесу, бессайыс және үй тапсырмасы деген үш турдан тұрған. Жеңімпаз команда еліміздегі соңғы жаңалықтар бойынша өткір әзілдерді өз ойындарының тақырыбына арқау еткен. Олардың уытты да өткір әзілмен шынайы жағдайды астарлап көрсеткен ойындары көптің көңілінен шығып, теміржолшы жастар өнеріне ұзақ қол соғып, қошемет көрсетті. Танымал жайдарманшылар мен облыстағы театр және радио қызметкерлерінен құралған қазылар алқасы бірауыздан «Маңғыстау KZ» бас жүлдеге лайық деп тапты. Жарысқа облыстағы өзге де аудандардан және колледждерден құрама командалар қатысқан. 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті