Тараздың тарихымен тамырлас

Әлеумет
28.09.2019, 15:31

Өткен жылы қала күні қарсаңында Тараз темір жол бекеті аумағында ашылған «Көне Тараз аллеясы» бүкіл қалалықтардың мақтанышына айналған.

Бұл ғажайып нысан күн сайын көркіне көрік қосып, ажарлана түскен көне қалаға жаңаша кескін-келбет беріп, заман талабына сай көркемдеп, сәулеті мен сымбатын арттыра түскені анық. Расында, бүгінгі күнге дейін бұл аумақта осында келген қонақтарға ежелгі Тараз өңірінен сыр шертетін көрініс болмаған еді. Осыған байланысты, скверде «КөнеТараз» стеласы қойылып, айналасы абаттандырылды. Стелаға Тараз қаласының бұрынғы атаулары (Тараз, Әулие-Ата, Жамбыл, Талас) жазылып, тарихи кезеңдерді бейнелейтін (қобыз, домбыра, дәуіт, балбалтас) ұлттық құндылықтар орнатылғаны да өте әсерлі шыққан әрі символикалық мәнге ие. Ал эскиздік жобасы былтыр жаңадан құрылған «Сәулеттік бюро» мекемесінің жас архитекторлары тарапынан әзірленген.

Көне қаладағы алғашқы теміржол бекеті өткен ғасырдың басында салынған ғасыр құрылысы Түрксібтің кезінде бой көтерген екен. Ал бекеттегі теміржол өткелінің арғы бетіне өтетін көпірдің тұсындағы су мұнарасы 1924 жылы салынған. Ол – республикалық тарихи жәдігерлерді қорғау тізіміне алынған нысан. Жалпы, қала аумағында өңір және теміржол тарихына қатысты мұндай нысандар көптеп саналады.

Бүгінде Тараз – тоғыз жолдың торабы, тәулігіне 24 жұп жолаушылар пойызы өтеді. Қонақтар мен келушілер үшін барлық жағдай жасалған. Өңірде теміржолшылар әулеті көптеп саналады. Майталман теміржолшылардың ізін басқан жастардың дені – облыс орталығындағы №13 Тараз теміржол колледжі мен Тараз теміржол көлігі колледжерінде білім алады. Қазір осы студенттердің саяхаттайтын сүйікті орындарының бірі – «КөнеТараз» стеласы. 

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады