Шарда саябақ ашылды

Әлеумет
20.09.2019, 17:35
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Экологиялық акция аясында семейлік теміржолшылар талай игілікті іс тындырды. Өткен апта соңында Семей ЖТ бөлімшесіне қарасты Шар станциясында «теміржолшылар саябағы» салтанатты түрде ашылды.

Шар – ежелден теміржолшылар қоныстанған ірі тораптық станция. Сондықтан сала кәсіпорындары мол шоғырланған станцияның өзіне тән тағлымды тарихы да бар. Өткен демалыс вокзал алдындағы бұрынғы теміржол алаңында жасыл экономикаға негізделген «Қамқор green» жобасы аясында «Kamkor Park» акциясы кең ауқымда аталып өтілді. Аталмыш іс-шараға «Қамқор менеджмент» ЖШС бас директорының орынбасары Әлібек Құлыбаев, «Теміржол жөндеу» ЖШС бас директоры Ескендір Қарсыбеков қатысып, шағын қаланың шырайын арттырып, жасыл желектермен көріктендіру және экологиялық жағдайын жақсартуға негізделген бастамаға сәттілік тіледі. Сондай-ақ, өздері де атсалысып, қылқан жапырақты жасыл өскіндер отырғызуда білек сыбана кірісті.

Акция барысында белсенділік танытқан жергілікті теміржолшылар жаңадан ашылған екі бірдей шағын саябаққа 250 түптен шырша көшеттерін отырғызды. Ендігі аралықта теміржолшылар қаласының ең көрікті орны саналатын осынау саябақты олар өздері күтіп-баптамақ. Аумағы ат шаптырым болатын саябаққа тұрғындар үшін арнайы түрлі-түсті реңдегі сәкілер, көрнекі мүсіндер қойылған. Сондай-ақ, әсем гүлзарлармен көмкерілген. Бұл жұмыстарды атқаруға жергілікті билік өкілдерімен бірге Шар теміржолшылары да жаз бойы белсенді түрде атсалысыпты. 

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті