Жастар жобасы жүлдеге лайық

Әлеумет
21.09.2019, 21:37

Теміржол жастарының жаңашылдыққа жаны құмар, ізденімпаз екенін өңірде екі күн бойына жалғасқан аймақтық форум тағы бір дәлелдеді. Жастар форумы «Жоба менеджмент» тақырыбымен Маңғыстау станциясына жақын маңдағы Қызылтөбе лицейінде өтті. Онда жас теміржолшылар түрлі жаңа идеяларын ортаға салып, сәтті қорғауға тырысты. 

Форумның алғашқы күні түбектің түкпір-түкпіріндегі теміржол мекемелерінен келген жастар семинартренингте тәжірибелі тренерлерден дәріс алды. Жоба дайындау және жүзеге асырудың қыр-сырларын үйренді. Екінші күні өздерімен әкелген тың бастамаларын жүйеге келтіріп, көпшілік назарына ұсынды.

Семинарда барлығы 13 жоба қорғалды. Соның үшеуі республикаға жолдама алды. Республикалық комиссияға көрсетуге мүмкіндік алған жобалар: «Локомотив қауіпсіздік құрылғысы», «Қауіпсіз киім үлгісі», «Жөндеу базасы».

− Жыл сайын болатын бұл шара биыл да өз деңгейінде өтті. Желі бойындағы жастарымыз жақсы дайындықпен келіпті. Әр командада бес адамнан қатысты. Біраз жақсы тақырыптарды көтерді. Мысалы, финалға шыққан жобаның бірі - Бейнеудің машинист инструкторы Рамиль Құттымұратовтың командасы ұсынған «Жөндеу базасының» артықшылығы уақыт пен шығыннан ұтымды. Олар Маңғыстау бойынша тепловоз істен шықса, оны алыстағы басқа станцияларға жібергеннен, өздерінде, Бейнеу станциясында жөндеу тиімдірек екенін дәлелдеуге тырысты. Сондай-ақ, «Қауіпсіз киім үлгісінде» пойыз құрастырушы мен вагон қараушыға ыңғайлы әрі қауіпсіз киім жайы қамтылды. Оның ерекшелігі, рациялар мен флажоктарды қолға ұстап жүрмей, жанына қыстырып қоятын резинасы бар, жұмысшыға қолайлылығында екені паш етілді. Жалпы, жастардың қай жобасы да жүлдеге лайық дер едім, – дейді форумды ұйымдастырушы жастардың бірі Қуатбек Көпбаев.  

Былтырдан бері басында «қайнатып» жүрген ойдың «пісер» күнін асыға күтіп келген жастардың бірі Еламан Мамитов екен, ол енді өз жобасын компания басшылығы да қолдап, жүзеге асыруға мүмкіндік аларына сенімді. Өзіне сенімді жас маман өз бастамасының пойыздардың адам не мал басуының алдын алып, компания бюджетіне де пайда келерін алға тартады. Ол ұсынған «Локомотив қауіпсіздік құрылғысы» немесе «Тепловизор» жаңадан шығып жатқан Еvolition немесе басқа да тепловоз не электровоздарда қолдану арқылы көп тиімділік береді екен. Жобаның құны 2 млн теңгеге жуықтайды.

− Құрылғыны орналастыруға 1млн 800 мың теңге қаражат кетеді. Қазір Маңғыстауда тепловозбен мал-жан қаққан немесе бір жазатайым жағдайлар болғанда орта есеппен шығыны 900 мың теңге болады екен. Ал қауіпсіздікті қамтамасыз ететін біздің бұл құрылғымызды орнату арқылы қаншама үнем жасар едік, – дейді жоба авторы, Маңғыстау локомотив пайдалану депосының слесары Еламан Мамитов. Екі күндік шара аймақ жастарын бұрынғыдан да жақындастырып, бірлесе жұмыс жасауға ынталандыра түскені анық.

Жаңалықтар
04.08.2026
Құрық порты 2026 жылдың І-ші жарты жылындағы жұмысын қорытындылады
Аймақтар
04.08.2026
Боранды бекеттің бас қақпасы
Аймақтар
04.08.2026
Ғасырлық тарихы бар вокзалдар жаңарды
Қауіпсіздік
04.08.2026
Қауіпсіздік сызығынан аттама...
Қауіпсіздік
04.08.2026
Жүргізушілерге жадынама таратты
ҚТЖ келбеті
04.08.2026
Үздік атанған үштік
Жаңалықтар
04.08.2026
Ерен еңбектері еленді
Жаңалықтар
04.08.2026
Астана станциясының теміржол өткелінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Жаңалықтар
04.08.2026
«Жүк тасымалының» жетістігі
Аймақтар
04.08.2026
Мерейлі мереке, лайықты марапат
Аймақтар
04.08.2026
Құрмет төрінде – теміржолшылар
Аймақтар
04.08.2026
Ақтөбеде үздік теміржолшылар марапатталды
Аймақтар
04.08.2026
«Ахау Семей» шырқалған күн...
Аймақтар
04.08.2026
Мерейлі марапат
Аймақтар
04.08.2026
Маңғыстауда үздік теміржолшылар төсбелгілермен марапатталды
Аймақтар
04.08.2026
Сарышағанда «Теміржол саябағы» ашылды
Жаңалықтар
04.08.2026
Теміржолшылардың мерекелік демалысы
Спорт
04.08.2026
Арыстықтар – ауыспалы кубок иегері
Инфрақұрылым
04.08.2026
Бақты-Аягөз теміржол желісінің құрылысында жер төсемін тәуліктік төгу рекорды орнатылды
Жаңалықтар
04.08.2026
Нұрлы жол вокзалында ғимаратты салқындату бойынша қосымша шаралар қабылданады