Бас ревизорлар Қазақстанның киелі жерлеріне барды

Әлеумет
30.09.2019, 09:27
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Өткен апта соңында Семей ЖТ бөлімшесінде ұйым-дастырылған екі күндік семинар-кеңеске жиналған барлық бөлімшелердің бас ревизорлары шаһардың тарихи орындарымен танысып, өңірдегі рухани-мәдени мұраларға да қанықты. Елбасының бастамасымен қолға алынған «Рухани жаңғыру» бағдарламасына сай «Қазақстанның киелі жерлері» географиясына енген бірқатар қастерлі орындарда да болды.

Алғашқы кезекте меймандар екі ғасырға жуық тарихы бар Абай атындағы облыстық кітапханадағы Абайдың 175 жылдығына орай ұйымдастырылған көрме залдарын тамашалады. Ондағы хакім Абай заманындағы туындыларға, олардың өткен шежіресіне қанықты. Бұл мәдени орынға заманында Абай Құнанбайұлының өзі тұрақты оқырман болыпты.

Рухани тағылыммен басталған шара семинар-кеңес аяқталған күннің ертеңгісін Абайдың әдеби-мемориалды қорық мұражайына сапармен жалғасты. Бұл ретте Семей ЖТ бөлімшесінің бас ревизоры Сайлау Юсупов Ұлы Абайдың 175 жылдығына арнап, меймандар үшін шағын кітапша құрастырып, әріптестеріне сыйға тартқан болатын. Жол-жөнекей «ұлт энциклопедиясы» саналар «Абай жолы» романэпопеясына арқау болған тарихи орындармен де әдебиет пен тарихқа қанық Сайлау Түсіпұлы өзі таныстырып отырды.

Осылайша, Абай жүрген жолмен «жыр Меккесі» саналар Жидебайға жол тартқан қонақтар жолшыбай Мұхтар Әуезовтің көркем шығармаларына арқау болған бірқатар орындарда болды. Атап айтсақ, «Қорғансыздың күніндегі» Ғазиза су ішкен Күшікбай бұлағы, Көксерек оқиғасы орын алған Сырт Қасқабұлақ, Еңлік пен Кебек жазаға тартылған Ералы жазығы, Құнанбай мен оның ұлдары жерленген Абайдың қыстауы, Ақшоқы сынды тарихи орындарға табан тіреп, тарихымен танысты. М.Әуезовтің туған жері Бөрілідегі ұлы жазушы өмірге келген мұражай-үйін аралады.

Еуразия кіндігі саналатын Жидебайдағы Абайдың өзі салдырған үйде, қазіргі мұражайда әсерлі сәттер мол болды. Хакімнің өзі тұтынған, заманында Семейдегі географиялық қоғамға этнографиялық жәдігерлер ретінде өзі өткізген заттарды ұстап көріп, шежіресіне қаныққан қонақтар естелік суретке түсті. Сондай-ақ, Жидебайдағы Абай мен Шәкәрім кесенесіне де зиярат етті.

Аталмыш шара бөлімше басшысы Марлен Көкірекбаевтың, бөлімшенің бас ревизоры Сайлау Түсіпұлының бастамасымен ұйымдастырылған болатын. Ұлт руханиятының қайнары саналатын қастерлі өлке Жидебайға сапар, Абай жолымен жүріп, рухани тағылымына қанығу меймандар үшін үлкен сый болғаны анық. 

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті