Теміржолшылар әулетіне құрмет

Әлеумет
18.10.2019, 14:11
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылордада жұмысшы еңбегін бағалап құрмет көрсетіп, насихаттауды мақсат тұтатын «Ата кәсіп – алтын мұра» еңбек әулеттерінің VI форумы өтті. Дәстүрлі шарада өңірге белгілі әулет – Қазалы вагон пайдалану депосының бастығы Арғын Орымбаевтың отбасы құрметке бөленіп, облыс әкімінің марапатын иеленді.

Бұл жолғы еңбек адамына құрмет мерекесінің басты шарты – бір әулетте ең кемі жеті адамның бір салада жұмыс істеуі ұстанымға алыныпты. Аймақ теміржолы саласында сегіз мүшесі еселі еңбек етіп жүрген Орымбаевтар әулетінің мерейі жанып, облыс халқы алдында аты аталып, бұқараның қошеметіне бөленді. Әулеттің даңқты еңбек жолы Қазалы жол мекемесінде 45 жыл тер төккен 1911 жылы туған Қайырбай Орымбаевтан бастау алады. Қазалы өңірінде теміржолшы әулеттің негізін қалаған жолшының ізін Тарғын, Мейрамбек, Айгерім, Гүлмира мен Арғын Орымбаевтар жалғастырып, бүгінде бәрінің еңбек өтілін қосқанда 200 жылға жуықтаған екен. Еңбек әулеттеріне құрмет көрсетілген форумда Арғын Орымбаев жұмыс жағдайына байланысты жиынға қатыса алмағандықтан марапат Арғынның жұбайы Гүлмираға тапсырылды.

– Сіздерді еңбек күні мерекесімен шын жүректен құттықтай отырып, Сырбойында еңбек адамының беделін көтеріп, отбасылық еңбек сабақтастығын жалғастыруға қосқан ерекше үлестеріңіз үшін алғысымды білдеремін. Сіздер жастар үшін еңбекті құрметтеу мен оған деген жауапкершіліктің үлгісісіздер. Ел игілігі жолындағы еңбектеріңізге табыс, әулеттеріңізге зор денсаулық, амандық тілеймін, – деді облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов теміржолшы әулетінің марапатын тапсырып тұрып. Еңбек сабақтастығы форумына қатысқан отбасылардың әрқайсысы – өзіндік дәстүрі қалыптасқан және облысқа еңбегімен танылған жандар. Олардың ішінде әулеттің ата жолын жалғастырған мүшелері ең кемі жетеу болса, ең ауқымдысы жиырма сегіз адамнан құралыпты. Мұндағы ерекшелік әулет мүшелерінің саны мен сапасына емес, олардың елге тигізген елеулі еңбегі, дәстүрі, отбасылық ұстанымы секілді жетістіктері де сарапшылар назарынан тыс қалмаса керек. Сарапшылардың таразысына салынған отбасылар арасында әр түрлі мамандық иелері болды, соның ішінде теміржол саласының дамуына қомақты үлес қосып келе жатқан Орымбаевтар әулетінің таңдалып сынға түсуі және сол сыннан озып шығып бәйге алуы – барша аймақ теміржолшыларының мерейі болды. Ешкімнен құрмет пен марапат күтпей, өздерінің кәсіби міндетін орындап жүрген қарапайым еңбек әулетінің қуанышына аймақ теміржошылары ортақ болуда.

– Әулеттің еңбек жолындағы отбасылық дәстүрі, ата кәсіпке адалдық, кәсіби шеберлікті шыңдау, тәжірибені жалғастыру сынды ізгі қасиеттерді паш ететін форумның ұрпақтар тәрбиесінде берері мол дер едім. Әкенің жолын ұл жалғастырып, оны әрі қарай дамытқан әулеттердің өнегесі мен дәстүрі сарапқа салынған форумнан үлкен сабақ алдық. Аса жауапты салада жұмыс жасайтын теміржолшылардың мерейі әрдайым үстем болсын. Аймақ еңбеккерлерінің осындай айтулы додаларында біздің теміржолшы әріптестеріміздің аты озарына қашан да сенімдіміз, өйткені теміржол бұл өлкеге бір ғасыр бұрын келіп, теміржолшы қазақтардың ата кәсібіне айналған, – деді бүгінгі марапат иелері атынан Гүлмира Орымбаева. Мереке соңында еңбек майталмандары құрметіне облыс өнерпаздары жырдан шашу шашып, марапат иелерін құрметке бөледі. 

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады