«Денсаулық» пойызы – болашақта

Әлеумет
22.10.2019, 16:53

Шалғай елді мекендерге дейін барып, жергілікті халыққа медициналық қызмет көрсететін пойыздарға ел адамдары үйреніп алғаны сонша, оның әр сапарын асыға күтеді. Ауырыпсырқаған жандар «қызыл пойыз» келсе қаралатын деп күнібұрын жоспарлап жүреді.

Батыс өңірін аралап жүрген «Денсаулық» пойызы өткен аптада Маңғыстаудың Болашақ станциясына келіп жетті. Кешке келген қызыл пойыздың хабары алыс-жақынға сол кеште-ақ тарап, таңнан кезекке тұрғандар қарасы қалың болды. Сағат сегізден бастап медициналық пойыздың есігі айқара ашылып, дәрігерлер қабылдауы басталды. Халықтың жоғары белсенділігін бағалаған ақ халаттылар да риза болып, болашақтық пациенттеріне кешкі сағат алтыға дейін, түскі үзіліссіз қызмет көрсетті. Жергілікті халық, шекаралық станция тұрғындары әсіресе педиатр, терапевт, гинеколог, уролог, окулист, кардиолог мамандәрігерлер қызметіне көп жүгінді. ЭКГ, рентген құрылғыларынан 150 адам тексеруден өтіп, талай адам дертіне шипа болар кеңес алды. Балалар дәрігерінің өзі 45 бүлдіршінді тексеруден өткізді.

− Болашақ станциясына «Денсаулық» пойызы 4-5 рет келді. Халық оны ылғи да асыға күтеді. Мұндай медициналық пойыз болашақтықтарға өте қажет. Себебі ауырыпсырқаған тұрғын медициналық ем алуға Жаңаөзен қаласына баруына тура келеді. Оған жететін автожол жоқ. Теміржолмен жүруге қалаға қатынайтын пойыз белгілі кестемен ғана қатынайды. Онымен барса – 3 сағат, машинамен 4 сағаттай уақыт жұмсайды. Емханадағы кезек күту, басқа дәрігерге жіберуі бар, талдау жасатса, оның қорытындысын алу керек дегендей, сонымен біраз уақыты, қаражаты кетеді. Өзіміздің ауылдағы амбулаториялық кабинетте тек бір медбике жұмыс істейді. Дәрігерге штат ашуға норматив бойынша халық саны 2 мыңға жетпейінше болмайды екен. Бізде бар-жоғы 600-ге жуық адам тіркеуде тұрады. Ал оларға ауыру тағы «тиімсіз». Қаладан «Жедел жәрдем» көлігі келгенше сағаттап уақыт кетеді. Осындай жағдайлардан, яғни ауруын асқындырып алып, дер кезінде дәрігер көмегіне жете алмай соңғы жылдары бірнеше адам қайтыс болды. Сондықтан «өз аяғымен» келіп тұрған дайын дәрігерлерге көрініп денсаулығын тексеріп, кілтипаны болса, ем-домын алдын ала алып дегендей, адамдар денсаулығын сақтауына «Денсаулық» сынды медициалық пойыздар әсері мол болмақ, – дейді. Болашақ станциясының бастығы Мақсат Нұрбеков.

Келесі күні «Денсаулық» пойызын Тассай станциясына шығарып салған станция тұрғындары енді қыста келетін «Жәрдем» пойызын да асыға күтетін болады. Ендеше, «Жәрдем» жеткенше болашақтықтардың басы ауырып, балтыры сыздамасын деп тілейік... 

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады