Ақтөбелік жастар қан тапсырды

Әлеумет
22.10.2019, 17:43
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбе темір жолында еңбек ететін жастар қайырымдылық шаралардан тыс қалып көрген емес. Бұл жолы олар «Өзгеге үміт сыйла» акциясына қатысып, өз еріктерімен қан тапсырды. Шара аясында апта соңына дейін 500 адам қан тапсыруға тиіс.

Аталмыш шараның өзі жастардың бастамасымен қолға алынған. Осылай ажал аузында жатқандарға септігімізді тигізсек дейді олар.

«Теміржолшы белсенді жастар денсаулық аптасына атсалысып, қан тапсыру акциясын өткізіп жатырмыз. «Денсаулық – зор байлық» деп бекер айтылған ба, жыл сайын әлемде миллиардтаған адам қан құюға мұқтаж болады екен. Алыстан мысал іздемей-ақ, осы өзіміздің ауруханалар да кез келген уақытта қанға мұқтаж. Біз осы мәселеге тамшылап болса да өз үлесімізді қосқымыз келді. Осындай шараны жылына екі рет өткізіп тұруға тырысамыз. Өткен жылы өткен шараға 300 адам атсалысса, биыл апта соңына дейін 500 адам қан тапсырады деп жоспарлап отырмыз», – дейді Ақтөбе теміржол жастарының жетекшісі Дархан Әнуаров.

Жастар арасында тұрақты донор болып жүргендер де, алғаш келіп жатқандар да бар екен. Дәрігерлер жастарға егер денсаулығы жарап тұрса донор болудың пайдалы екенін, қан айналымы жүйесінің жақсаруы донорлықтың арқасында болатынын түсіндірді. Қызыл жілік майының торшалары мен иммунитеттің стимуляциясының жақсы жұмыс жасауына да донорлық етудің маңызды екені айтылды.

Теміржолшы жастар апта ішінде қан тапсырудан бөлек облыс әкімімен бірге ағаш егу жұмыстарына да атсалысты. Басқа да қаланың қоғамдық өміріне белсене қатысып, теміржол жастарының ауызбіршілігін, тиянақтылығын көрсетті. 

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады