Кәсібі саладағы жаңалықтармен таныстырды

Әлеумет
25.10.2019, 13:31
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей магистральдық желі бөлімшесіне қарасты техникалық кітапхананың қызметкерлері жергілікті теміржолшыларды сала бойынша орын алып жатқан соңғы жаңашылдықтармен таныстыруда биыл да соны нәтижелерге қол жеткізді. 

Бөлімше көлемінде өткізілген барлық семинар-кеңестер мен түрлі жиындар барысында ақпараттандыру шаралары өтуде. Ондай танымдық сағаттар барысында техникалық кітапхана қызметкерлері кәсіптік әдебиеттер мен мерзімдік басылымдар бойынша арнайы көрме әзірлеуді игілікті дәстүрге айналдырған. Осылайша, кітапхана есігін аттауға уақыт таппай жүрген бәзбір мамандарға көмек көрсетуде.

– Әсіресе, жастардың салалық оқулықтарға құмарлығы қуантады. Қазіргі күні қолдан-қолға өтіп жүрген, мұқабалары тозған кітаптар арасында желі бойындағы байланысшылар мен электрмен қамту саласы қызметкерлеріне арналған әдебиеттер мол. Бұдан өзге қозғалыс қауіпсіздігіне және еңбекті қорғау талаптары жайлы оқулықтар мен көліктік логистика саласына қатысты кітаптарға сұраныс аса көп. Сондай-ақ, Қазақстан теміржолының тарихына, Түрксібке қатысты көркем әдебиеттерге құштарлық танытушылар бар, – дейді техникалық кітапхананың кітапханашысы Құндыз Байғалиева. – Заман ағымына қарай түрлі жаңашылдықтар мен өзгерістер жиі орын алып отыратын теміржол саласындағы кәсіптік һәм құрылымдық жаңалықтарды мерзімдік басылымдардағы тұшымды сараптамалық материалдар мен соңғы шыққан кәсіптік әдебиеттерден оқып біліп отырамыз. Бұл ретте кітапхана қорына енді ғана келіп түскен тың туындылардың берері аса мол, – дейді Семей ЖТ бөлімшесінің қозғалыс қауіпсіздігі бөлімінің бастығы Дәулет Сүлейменов.

Ал техникалық информаторлар күніне орай ұйымдастырылған іргелі шаралар барысында кітапханашылар желі бойындағы барлық мекемелерді аралап, том-том кітаптар мен газетжурналдардан ақпараттық көрме әзірлейді. Айта кетерлігі сол, кәсіптік білім шырағы саналатын орталық қорында қолға түспейтін, ғаламтор желісінде де жоқ тың туындылардың көшірмелері де сақтаулы. Мәселен, 1901 жылы жарық көрген Сібір теміржолы жазбаларынан   бастап, Түрксіб құрылысы жылдары жарық көрген қазақ даласындағы теміржол төсеу жұмыстары жайлы кітаптардың электронды нұсқалары бар.

Бұл – әсіресе теміржол колледжінің студенттері мен техникалық құжаттандыру біліктіліктерін пысықтау мақсатында сынақ тапсырушы станция басшылары үшін таптырмайтын алтын қор. Аға кітапханашы Баршагүл Омарованың айтуынша, бүгінгі таңда техникалық кітапхана жұмысы толығымен компьютерлендірілген. Сирек кездесетін кітаптардың тізімі жасалған.

Сонымен қатар, осыдан біраз бұрын Нұр-Сұлтан қаласындағы ҒТАО орталығынан арнайы 30 томдық кітаптар жинағы келіп түскен. Бұл жинақта құқықтық жүйе, денсаулық сақтау, сумен қамту сынды күрделі мәселелер теміржол саласы мамандарына лайықталып жазылыпты. 

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті