Тағы бір сәби пойызда туылды

Әлеумет
28.10.2019, 21:35

Аяғы ауыр келіншектердің пойызда босануы үрдіске айналғандай ма қалай... Өткен аптада тағы бір сәбидің кіндігі пойызда кесілді. Жол үстінде толғағы келген келіншектің бақытына жолаушылар арасынан нағыз маман дәрігерлер табылған.

Бұл жолы «Ақтөбе-Алматы-1» бағытындағы №34/33 жолаушылар пойызы бригадасының бастығы Сағынай Жүсіпке 24 қазан күні Шу станциясының тұсында №5 вагон жолсерігі Руслан Байекешов толғағы қысқан әйелге медициналық көмек керек екенін хабарлаған. «22 қазан күні Ақтөбеден шықтық. Шу қаласынан қозғалып кеткеннен кейін жолаушылар арасында жас келіншектің толғатқанын естіп, шұғыл Отар станциясынан жедел жәрдем шақырып, жағдайды хабарладым. Біз адамның денсаулығына қатысты кез келген жағдайда жедел жәрдем шақырамыз. Дәрігерге хабар беру – менің міндетім. Машинистпен радиобайланыс тек менде ғана. Өзім келіншек келе жатқан вагонға жүгірдім. №7 вагонның жолсерігі Айгүл Қалиеваны қасыма ертіп алдым. Ол келіп бірден терезелерді ашып, басқаларын сыртқа шығарып, босанып қалса қажет болатын анау-мынауын дайындай бастады. Жанұшыра вагон жағалап, дәрігер іздедік. Абырой болғанда сол вагондағы бірінші купеде Алматыдағы кардиологиялық орталықта терапевт болып жұмыс істейтін жігіт келе жатыр екен. Ол естігенде бірден толғатып жатқан әйелге көмектесуге кірісіп кетті. Осылай абыр-сабыр болып жатқанымызда №9 вагоннан зейнеттегі акушер-ги неколог апа жетті жүгіріп. Бағымыз болар, осылай облыстық дәрігерлер Алматыға жіберген келіншекті аман-есен босандырып алдық. Өзіміз де әбден абдырадық. Ең бастысы ана мен бала аман! –деп баяндап берді сол кездегі жағдайды пойыз бастығы Сағынай Жүсіпов. Т

олғақ қысқан18 жастағы келіншектің бұл тұңғышы екен. Квотамен Алматы қаласында босануға бара жатқан беті екен. Осылайша пойыз бригадасының ұйымшылдықпен сауатты әрекет етуі және кәсіби дәрігерлердің арқасында дүниеге аман-есен қыз бала келді. Отар станциясында жас босанған Алтынай Темір сәбиімен бірге жедел жәрдем дәрігерлеріне табыс етілді. Айта кетерлігі, «Жолаушылар тасымалы» АҚ жолсеріктерді ұдайы алғашқы медициналық көмек көрсету және төтенше жағдайлардағы әрекеттер бойынша оқытып отыруының бір пайдасы осы дер едік. Компания өз атынан жол үстінде толғағы келген әйелге қол ұшын созған жолаушылар – дәрігер Евгений Колопилов пен акушер Бейбіткүл Құмғанбаеваға және де вагон жолсерігі Руслан Байекешов пен пойыз басшысы Сағынай Жүсіпке алғысын білдіреді. Еске сала кетсек, осыдан бір ай бұрын «Қызылорда – Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол» бағытындағы №91 пойызда да Г.Жолдас есімді жолаушы келіншек жолда босанып, пойыз бастығының құрметіне қызына Меруерт деп ат қойған еді. 

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады