Медпойыз «Денсаулық»: Түбекте тәмамдады

Әлеумет
29.10.2019, 08:41

Қазан айының басында қарт Маңғыстауға келген «Денсаулық» медициналық пойызы айға жуық уақыт оннан астам бекетке аялдап, түбек халқына қызмет көрсетті.

Маңғыстау теміржолының бойындағы алыс-жақын бекеттер мен станцияларды аралап, сол маңдағы қаншама халыққа сапалы медициналық қызмет көрсеткен «дөңгелек үстіндегі емхана» өткен аптада өз жұмысын аяқтап, сапарын түбектің соңғы нүктесінде тәмамдады. Опорный, Үстірт, Сай-Өтес, №10 бекет, Шетпе, Қарақия, Жетібай, Өзен, Болашақ, Сам, Тұрыш станцияларында 1 немесе 2 күннен аялдап, түрлі се беппен медициналық қызметке қолы жетпей жүрген жергілікті тұрғындардың дертіне шипа болып, алғыс арқалаған ақжолтай пойыздың білікті мамандарына жүгінгендер саны әдеттегіден көп болыпты. «Денсаулық» пойызы бұл сапарында барлығы 400 сағат уақыт бөліп, сол уақытта 3 мыңға жуық адамды медициналық қызметпен қамтыды.

– Бұл пойыз біздің бөлімше аумағындағы жұмысын қазан айының бірінен бастады. Сол күннен бастап «Денсаулық» жылжымалы медициналық кешенінің жұмысына жергілікті халықтан тек алғыс естідік. Сондықтан халықтың, теміржолшылардың, филиал басшылығының атынан осындай мүмкіндік сыйлап отырған ҚТЖ компаниясына және Денсаулық сақтау министрлігіне алғысымызды айтамыз.

«Денсаулық» пойызының басшысы Зүлия Қамиеваға да түбек халқы атынан рахмет айтамыз, – деп медициналық пойыз мамандарының жұмысына алғысын жеткізген Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесі директорының орынбасары Ерлан Бүркітов көрсетілген қызметтің көптің көңілінен шыққанын айтады. 

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады