Денсаулық - сыр елінде

Әлеумет
12.11.2019, 13:12
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қазан айының 20-сы мен қараша айының 3 аралығында «Денсаулық» пойызы Қызылорда ЖТ бөлімшесінде болып жергілікті тұрғындарға дәрігерлік, диагностикалық қызмет көрсетті. 

Пойыз бөлімшенің Қараөзек станциясына аялдағанда арнайы барып дәрігерлердің қызметіне куә болдық. Медициналық пойыз дәрігерлерінің жетекшісі, С.А.Асфендияров атындағы Алматы дәрігерлік

университетінің профессоры Аманкелді Күлімбетов жергілікті тұрғындарға көрсетілген қызмет жайлы баяндап берді. – Сәуір айының 29 мен желтоқсанның 21 арасында «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «Самұрық-Қазына» АҚ қолдауымен «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры, ҚР Денсаулық министрлігінің ықпалымен ҚазҰМУ Алматы дәрігерлік университетінің жоғары санатты қызметкерлері жергілікті тұрғындарға медициналық консультациялық-диагностикалық қызмет көрсетуде. Бұл жолы Қызылорда ЖТ бөлімшесінің 13 бекетіне кесте бойынша бірер күннен аялдап қызмет көрсетіп келеміз. Осыған дейін 11 станцияда болып 1500-ден аса облыс тұрғындарының денсаулығын тексердік. Әр бекеттен орташа есеппен 67-130 адамды қабылдап отырмыз, – деді дәрігерлердің жетекшісі Аманкелді Сейтмағамбетұлы. Медициналық пойыз құрамын бөлімше теміржолшылары сумен, электр қуатымен, байланыспен жабдықтап отырса, әскерилендірілген күзет жасақтары дөңгелекті емхана жұмысында қоғамдық тәртіптің сақталуын кәсіби деңгейде атқаруда екен. «Денсаулық» пойызы ұжымы шалғай елді мекендерге, оның ішінде стационарлық медициналық пункттері жоқ жерлерге барған. 

Мысалы, Сексеуіл станциясынан бастап жаңа телімдегі Абай бекетіне дейін барған. Олар Сексеуіл станциясында – 161, Абайда – 147, Аралқұмда – 116, Қамыстыбаста – 170, Бекбауылда – 165, Байқожада – 67, Бостандықта – 75, Төретамда – 394 және Қаракеткенде 141 жергілікті тұрғынға дәрігерлік қызмет көрсетіпті. Заманауи медициналық құрылғылармен толық қамтылған пойыз дәрігерлерінің қызметіне тұрғындар тарапынан айтылған алғыс көп. Себебі есігінің алдына келіп қызмет көрсеткен пойыздың білікті мамандары олардың денсаулығын алдын ала тексеріп, диагностикалық сараптама жасап, консультациялық кеңес беруде. Шұғыл ем қабылдауға тиіс науқастар анықталса, дереу жергілікті станционарлы-емдеу пункттеріне жолдама беруде. – Мен үйдегі екі бала, бір немереммен бірге келіп тексеруден өттік. Денсаулығымызға қатысты тосын жағдай байқалған жоқ. Алдағы уақытта да осындай дәрігерлік пойыздардың келуін күтетін боламыз, – деді отбасы мүшелерімен тексерілуге келген ауыл тұрғыны Рая Әшімова. Бөлімше аумағында 2 апта дәрігерлік қызмет көрсетіп елдің алғысына бөленген «Денсаулық» пойызы әрі қарай қызметін оңтүстіктегі теміржол бекеттерінде жалғастырады. 

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады