Қанатты "жолаушылар"

Әлеумет
22.11.2019, 13:53

Қарашаның ортасына таман елордадан Маңғыстауға қатынайтын «Нұр-Сұлтан-Маңғыстау» жолаушылар пойызымен түбекке сапар шеккенбіз. Вагондағы жолаушы халық арасынан маңғыстаулық құсбегі Айшуақ Таймановты қасындағы ерекше «жолаушылармен» кездестірдік.

Көрші купеде шаңқ-шаңк еткен құстың дауысын естіп алғашында елең ете қалдық. Расымен, бір емес, үш бірдей асылтекті құс купенің екінші қабатында қаз-қатар темір торда тұр екен. Құсбегі де екі көмекшісімен осында. Құстарды ұшақпен алып жүруге рұқсат жоқ. Қашық жолға автокөлікпен жету тағы қиын. Сондықтан ең қолайлысы пойыз екен. «Теміржол көлігі туралы» заңға сәйкес барлық ережелерді сақтап (мысалы, өзге жолаушыларға кедергі келтірмеу үшін тұтас бір купені сатып алу қажет, құстар арнайы торда, қауіпсіздіктің барлық шартын сақтауы керек, т.т.), құстар мен мысық, ит сынды үй жануарларын пойызбен алып жүруге болады.

− Түрлі жарыстарға қатысып, алыс сапарларға шығатындықтан теміржол көлігіне жиі жүгінеміз. Бізге тиімдісі де, оңтайлысы да осы. Өзіміз де, қанатты достарымыз да демалып барамыз. Жолсеріктер де түсіністікпен қарайды. Табиғатта жүретін жануар болғасын құсқа бәрібір дала керек. Пойыз аялдағанда оларды да сыртқа таза ауаға алып шығып бой жаздырып аламыз. Қасымыздағы өзге адамдарға қолайсыздық тудырмас үшін құстарымызбен бір купені аламыз. Жалпы, осындай мүмкіндіктердің болғанына ризамыз, – дейді құсбегі жігіт.

Айтуынша, «Маңғыстау-Нұр-Сұлтан» бағытында осы пойызбен 8-9 қараша күндері Қарағанды облысында өткен Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған халықаралық құсбегілер сайысына қатысып қайтып бара жатқан беттері екен. – Міне, тағы сол жолмен аман-есен елге қайтып барамыз. Шүкір, жүлдесіз емеспіз. Өзімізбен бірге бір бүркіт, бір қаршыға, бір сұңқар алып кеткенбіз. Сұңқармен – үшінші, қаршығамен екінші орынды иелендік. Жеңісімізге біздің жолсеріктеріміз де қуанып жатыр, өткенде де осы бригадамен келген едік, – дейді Айшуақ Тайманов.

«Қанатты жолаушылар» екі тәулік бойы сыр білдірмеді. Жол бойы құсбегі мен екі көмекшісі олардың бабын жасап, үлкен станцияларда сыртқа алып шығып серуендетіп, іш пыстырмады. Күндіз шаңқ-шаңқ еткен дауыстары ара-тұра естілгенімен, түнде олар да кәдімгі жолаушылар режіміне бағынғандай ұйықтайды екен... 

Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын