Жастар жылы: жетістік деген осы...

Әлеумет
26.11.2019, 12:45
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

«Жастар жылы – жаңа мүмкіндіктер кезеңі» болады деген Елбасы сөзін теміржолшы жастар қалай жүзеге асырды? Қоғамның қозғаушы күші бола алды ма? Ақтөбелік теміржолшы жастар облыстағы үздіктердің қатарында. «Zhas Barys-2019» аймақтық жастар форумында марапатқа ие болды. Демек, жетістік жоқ емес...

Өңір басшылары қоғам өміріне белсене араласып жүрген теміржолшыларға алғыс айтып, әрдайым алда жүруге тілек білдірді. Жастар саясатын іске асыруға белсенді қатысып, кәсібиліктің жоғарғы деңгейін көрсетіп және облыс өндірісін дамытуға қосқан үлесі үшін Ақтөбе ЖТ бөлімшесінің маманы Руслан Жұмағалиев марапатталды. «Біздің Ақтөбе темір жолында 5 мыңға жуық жас маман бар. Қоғамдық өмірге белсене араласқан олар бүгінде Ұлттық компания мақтанышы болып отыр. Арамызда ғылыми жобаларын қорғап жүргендер бар. Биыл ҚТЖ компаниясындағы жастар саясатына 10 жыл толып отыр. Елімізде Жастар жылының осы датаға сәйкес келгені де біз үшін қуаныш. Теміржол – темірдей тәртіпке бағынған сала, қайнаған өндіріс орны болғанымен жастарды «Болашақ басқарушы», «Менеджмент жобасы» секілді әртүрлі жобаларға тартып, ынталандырып отырады. Біз Қазақстан темір жолы компаниясында еңбек ететінімізді мақтан тұтамыз", – деді марапатқа ие болған жас теміржолшы Руслан Жұмағалиев. Қоғамдық өмірге белсене араласқан теміржолшылар шынында жергілікті билікпен қоян-қолтық жұмыс жасап отыр. Түрлі акциялар негізінде қайырымдылық шаралары жиі ұйымдастырылады. Биыл облыста тек теміржолшы жастардың бастамасымен әртүрлі акциялар өткен. Қарттар, үйі мен балалар үйіне көмек, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар мен көпбалалы аналарға қамқорлық жасап, азын-аулақ сыйлығымен, көмектерімен көңілдерін көтеріп жүретін жастардың бастамасына бөлімше басшысы Бөріхан Беркімбаев үнемі қолдау білдіріп отырады. «Қоғамдық шараларға белсенді араласудың арқасында барды да, жоқты да көресің. Біздің жастар ұйымы тек қайырымдылық шараларын өткізумен шектелмейді. Компанияда жыл сайын тренинг-семинарлар ұйымдастырылып тұрады. Біз үшін қызықты жобалар көп. Тренингтер жастардың дамуға ұмтылуына, бір-бірімен байланыс орнатуына септігі мол. Жастар жылында тек компания ішіндегі шараларға қатысып қоймай, ресурстық орталықтармен жұмыс жасап бастадық. Жергілікті әкімдікпен тығыз байланыс орнаттық, әкімшілік жастарымен қоғамдық көліктегі «Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет» акциясы және қан тапсыру, тал егу, сенбілік, тағысын тағы шараларға бір кісідей атсалыстық», – дейді Ақтөбе теміржолшы жастарының жетекшісі Дархан Әнуаров.

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды