Атырауға «Жәрдем» келді

Әлеумет
14.11.2019, 20:08
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

«Жәрдем» медициналық пойызы Атырау облысы аумағына да жетіп, 8 қарашадан бастап өз жұмысын Сағыз станциясынан бастады. Биыл жаңа құрам алты облыстағы 78 станцияны қамтымақ.

Жергілікті тұрғындар «Жәрдем» медициналық пойызына жылдағыдай лап қойды. Бас дәрігер Айнұр Егінбайқызының айтуынша, медициналық бригадалар құрамында терапевт, педиатр, гинеколог, хирург, ЛОР, кардиолог, невропатолог, офтальмолог, уролог, кардиолог, онколог-маммолог, стоматолог сияқты мамандар жұмыс істейді. Таңғы 10-нан бастап тұрғындарды қабылдау жүргізіле бастады. Медициналық пойыз кабинеттер ретінде жабдықталған, диагностикалық тексеру және алғашқы медициналық көмек көрсету үшін қажетті заманауи медициналық жабдықтармен: ЭКГ, УДЗ аппараты, эндоскопиялық жабдық, гематологиялық және биохимиялық анализатор, Мерлин ультрадыбыстық сканері, флюорограф, гастрофиброскоп және басқалармен жарақталған 8 вагоннан тұрады. «Негізінен қан қысымының жоғарылауы, буын ауруларына жиірек ұшырайды, сондай-ақ ішек құрылысы, көз көру нашарлығы, жүрек аурулары да бар. Бір күнде үш жүзге жуық адам келіп қаралды», – дейді дәрігерлер. Станция бастығы Н.Дүйсенбаевтың айтуынша, 8 мыңдай халқы бар станция тұрғындарының ішінде тегін медициналық тексеруден өтуге ынталылары көп, соның ішінде теміржолшылар да бар. Пойыз бұдан кейін Жамансор, Ескене, Нарын, Афанасьево, Ганюшкино, Д. Нұрпейісова, Мақат, Құлсары станцияларында да болып, жұмыс істейді. Айта кетейік, «Жәрдем» пойызы 2010 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «Денсаулық» медициналық жобасына қосымша іске қосылғаны белгілі. Дәрігерлер медициналық көмекке қолы жетпейтін шалғай станциялардың және жақын орналасқан ауылдардың тұрғындарына алғашқы медициналық-санитарлық және консультативтік-диагностикалық көмек көрсетеді. 

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады