Қайырымдылық акциясы қорытындыланды

Әлеумет
09.12.2019, 16:04
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семейлік жастар қайырымдылық бағытында ұйымдастырылатын «Жастар бастамасының марафоны» жобасы аясында «Балалар күлкісі станциясы» атты акцияны қорытындылады.

Бұл жолы да Семей ЖТ бөлімшесінің фойесінде кең көлемде тәтті тағамдар жәрмеңкесі өткізіліп, қызметкерлерге ыстық тағам түрлерімен қатар салқын басытқылар, тіске басар дәмнің көптеген түрлері ұсынылды. Іс-шараны жастар белсендісі Ләззат Айтмұханова бастаған теміржолшы қыздар ұйымдастырды. Таң алагеуімнен жиналған қыздар кең фойеге ұзын дастархан жайып, иісін бұрқыратып тәтті-дәмділердің түр-түрін саудаға шығарды. Одан түскен қаражат мүмкіндігі шектеулі балалары бар екі теміржолшы отбасына материалдық көмек ретінде берілетіні белгілі болды. Ол жайында алдын ала хабарландыру жасалған болатын. Жәрмеңке ұйымдастырылған күндері түскі асқа асханаға бармауды шешкен кеңсе қызметкерлері әріптестері әкелген жаңа пісірілген ыстық тамақ, түрлі дәмді бәліш, тоқаш өнімдерін сатып алып жатты.

Шараға әсіресе ЖТ бөлімшесі мен «Қазтеміртранс» АҚ филиалының қыздары жоғары белсенділікпен қатысты. Олардың қатарында әсіресе, Маржан Жакенова, Айгерім Тоқпанова, Гүлмира Сейтенова, Айгерім Алмуддинова мен ӘТЖК Семей филиалынан келген Қымбат Еңбекшілова жарты сағат көлемінде-ақ әкелген кондитерлік өнімдері мен тіскебасарларды толық саудалап үлгерді. Әсіресе, Гүлмира Сейтенова әзірлеген алып пирог пышақ үстінен сатылып кетті. – Биылғы жылғы акция әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасылар мен көпбалалы аналарға қолдау көрсету туралы Елбасы бастамасымен тікелей сәйкес келеді. Мемлекет саясатымен тағы бір үндестігі сол, бұл іс-шараны Жастар жылы аясында қоғамдық жұмыстарда аса белсенді жаңа толқын өкілдері жүзеге асырды. Осы ретте бөлімшенің кең фойесінде екі күн қатарынан қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылуда, – дейді қайырымдылық марафонын ұйымдастырушылардың бірі Ләззат Айтмұханова.

Қайырымдылық акциясына бөлімше басшысы Марлен Көкрекбаев пен салалық кәсіподақ қызметі жан-жақты қолдау көрсетуді әдетке айналдырған. Ал жақын арада арнайы комиссияның шешімімен материалдық көмек кімдерге берілу керектігі анықталмақ.

Жаңалықтар
04.08.2026
Құрық порты 2026 жылдың І-ші жарты жылындағы жұмысын қорытындылады
Аймақтар
04.08.2026
Боранды бекеттің бас қақпасы
Аймақтар
04.08.2026
Ғасырлық тарихы бар вокзалдар жаңарды
Қауіпсіздік
04.08.2026
Қауіпсіздік сызығынан аттама...
Қауіпсіздік
04.08.2026
Жүргізушілерге жадынама таратты
ҚТЖ келбеті
04.08.2026
Үздік атанған үштік
Жаңалықтар
04.08.2026
Ерен еңбектері еленді
Жаңалықтар
04.08.2026
Астана станциясының теміржол өткелінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Жаңалықтар
04.08.2026
«Жүк тасымалының» жетістігі
Аймақтар
04.08.2026
Мерейлі мереке, лайықты марапат
Аймақтар
04.08.2026
Құрмет төрінде – теміржолшылар
Аймақтар
04.08.2026
Ақтөбеде үздік теміржолшылар марапатталды
Аймақтар
04.08.2026
«Ахау Семей» шырқалған күн...
Аймақтар
04.08.2026
Мерейлі марапат
Аймақтар
04.08.2026
Маңғыстауда үздік теміржолшылар төсбелгілермен марапатталды
Аймақтар
04.08.2026
Сарышағанда «Теміржол саябағы» ашылды
Жаңалықтар
04.08.2026
Теміржолшылардың мерекелік демалысы
Спорт
04.08.2026
Арыстықтар – ауыспалы кубок иегері
Инфрақұрылым
04.08.2026
Бақты-Аягөз теміржол желісінің құрылысында жер төсемін тәуліктік төгу рекорды орнатылды
Жаңалықтар
04.08.2026
Нұрлы жол вокзалында ғимаратты салқындату бойынша қосымша шаралар қабылданады