Разъезд тұрғындары қалаға көшірілді

Әлеумет
24.12.2019, 08:00
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау теміржолына қарасты 496-разъездің тұрғындары Атырау қаласы, Жұлдыз ықшам ауданындағы жайлы тұрғын үйлерге көшірілді. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен барлығы 16 отбасы, олардың арасында, әрине, кешегі теміржолшылар да бар.

 Бұл олардың көптен күткен қуанышы еді. Өйткені, бұл разъезд экологиялық қауіпті аймаққа кіреді. Мұнда әрі ешқандай инфрақұрылым жоқ. Шағын ауылда газ да, жол да жоқ. Жауын-шашыннан кейін айнала қара балшыққа айналып, авариялық қызметтер мен жедел жәрдемнің жетуіне үлкен қиындықтар туғызады. Ауылдан жергілікті жастар кетіп қалған, соңғы жылдары 496-разъезде, негізінен, жасы үлкен адамдар тұрып жатқан. Үйлерін көмір жағып, пешпен жылытып, ай сайын газ баллондарын пайдаланады. Азық-түлікті қаладан сатып алады. Қаладан 10 шақырымнан астам жерден қатынау өте қиын. – Кезінде бұл ауыл теміржолшылар қалың қоныстанған кәдуілгі кішігірім бекет болған еді. Теміржол жұмысшылары осы жерге үй салып, қоныстанды. Бірақ уақыт өте келе жағдай жоқтықтан көбісі қалаға көше бастады. Мен өмір бойына осы станцияда разъезд кезекшісі болып жұмыс істедім. Жолдасым да теміржолшы болды. Ауа лас, көмір жағамыз, азық-түлікті қаладан тасимыз, бәрінен бұрын балаларға обал. Біз осы сәтті он жыл күтіп, ақыры қолымыз жетті. Енді, міне, тілегіміз қабыл болып, қаладан пәтер беріп жатыр. Қуаныштымыз, жергілікті билікке де, темір жол басшыларына да рахмет, – дейді бекет тұрғыны, зейнеткер Адилова Зейнеш апа.

Бүгінде 496-разъезд – Атырау қаласы әкімдігінің қарамағында. Тұрғындар өздерін жайлы үйлерге көшіру туралы өтініштерін он жыл бойы жергілікті билікке айтып келген болатын. Бүгінгі күні Қарабатан станциясы мен 496-разъезд жұмысшыларына Атырау жүк тасымалы бөлімшесі қаладан арнайы автобуспен қатынауға мүмкіндік жасап отыр. Екі жыл бұрын Атырау облысы әкімінің есебіне келген 496-разъездің тұрғындары өтініштерін тағы жеткізген. Нұрлан Ноғаев бұл мәселе қаралып, жергілікті атқарушы органдар проблеманы шешудің барлық мүмкіндіктерін қарастыратынын мәлімдеген. Міне, уәде – құдай сөзі, күні кеше Энергетика министрі болып тағайындалған Атыраудың сол әкімі Нұрлан Ноғаев бекет тұрғындарының өтінішін орындады. – Қазіргі таңда Атырауда жаңа тұрғын үйлер құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Атырау облысы әкімінің тапсырмасына сәйкес, Тәуелсіздік күні қарсаңында 496-разъездің тұрғындарын Жұлдыз ықшам ауданында орналасқан жаңа үйлерге көшіру туралы шешім қабылданды, – дейді Атырау қаласы әкімінің орынбасары Ринат Джанглишов. Сөйтіп, 496-разъезде тұрып жатқан 16 отбасы жаңа пәтерлердің кілтін қолдарына алып, қуаныштары қойнына сыймай жатыр. Пәтер кілтін табыстау барысында лента қиылып, шашу шашылды. Ал 496-разъезд жұмысына келер болсақ, мұнда қазіргі уақытта екі разъезд кезекшісі және электромеханиктер жұмыс істеуде. Разъезд қалыпты жұмысын жалғастыра бермек.

Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?