Ертегі қазақша дыбысталды

Әлеумет
24.12.2019, 09:08
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Қазақстан темір жолы қызметкерлерінің балалары орыс жазушысы Павел Ершовтың «Конек-Горбунок» ертегісінің қазақстандық Қайнекей Жармағамбетов аударған «Сұңқартай мен Тұлпартай» атты қазақша нұсқасы дыбысталды.

Бұл игі іс Нұр-Сұлтан қаласындағы Орыс ғылыми-мәдени орталығының өтінішімен және «Қазпрофтранс» ҚБ Астана торабы филиалының қаржыландыруы және ұйымдастыруымен жүзеге асырылуда. Кәсіподақтың Астана торабы филиалының директоры Серік Сәрсекеевтің айтуынша, қазақ тіліндегі ертегіні дыбыстауға теміржолшылардың 6 мен 14 жас аралығындағы 50 баласы жұмылдырылып отыр.

– Кезінде біздің әріптесіміз, марқұм Татьяна Боцул теміржолшылар балаларының арасында «Балауса болашақ» сурет байқауын ұйымдастырған еді. Сонда балалар жоғарыда аталған ертегі желісінде суреттер салған болатын. Содан біз осы ертегінің қазақша толық нұсқасын біздің балаларымызға бөліп беріп, оқытып, оны таспаға жазып алуды ойластырдық. Ал бұл игі істі Орыс ғылыми-мәдени орталығы қолдап, Павел Ершовтың 205 жылдығы қарсаңында бізге осы таспаны дайындап беруді өтінді. Оны олар зағип балалар мектептеріне, балалар үйлеріне таратпақ. Ал теміржол бойынша бұл таспаның бірер данасы мұражайға да тапсырылады, – дейді Серік Сәрсекеев.

Сонымен қатар осы ертегінің қазақша нұсқасы бойынша арнайы кітап шығарылып, оған теміржолшы балалардың ертегі желісімен салған суреттері топтастырылмақ. Бұған дейін арнайы оператор мен монтаждаушы мамандарды жалдаған кәсіподақ ұйымы балалардың даусын жазып алу үшін олардың студияға бару-келуін ұйымдастырды. Қазіргі таңда жазба материалдарды монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

Балалар ертегіні ешқандай дайындықсыз, ынталарын салып оқып шыққан. Жақында «Қазпрофтранс» ҚБ Астана торабы филиалы осы дыбыстауға қатысқан балаларды арнайы шақырып, оларға алғыс айтты, бағалы сыйлықтар және грамоталармен марапаттады. Соңында өнерпаз балалардың шағын концерті ұйымдастырылды. Сонымен қатар ашық аспан астында флешмоб жасап, аспанға түрлі-түсті шарлар ұшырылды. 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті