Көмекке теміржолшылар келді...

Әлеумет
26.12.2019, 22:29

Табиғаттың «тосынсыйы» таусылған ба? 21-23 желтоқсан күндері оңтүстік өңірде орын алған қарлы боран салдарынан Тараз-Шымкент арасындағы автожол жабылып, ары-бері қатынаған жолаушыларға қиындық туғызды. Табиғаттың тосын мінезінен өңірде төтенше жағдай жарияланып, арнайы құтқарушылар жасағы толық режимде жұмыс істеді. Көмекке теміржол көлігі келді.

 ТАРАЗ

Жолда қалған жолаушылардың дені пойыздарға отырғызылды. Бұл орайда, Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі мекемелері тәулік бойы жұмыс істеп, жолда қалған азаматтарға қол ұшын созып, көмек көрсетті. Төтенше оқиға орын алған бұл күндері Тараз вокзалына Боранды, Айша бибі жолдарында қалған және атақты Күйік асуында қалып қойған жолаушыларды12 автобус және бірнеше жеңіл автокөлікпен алып келген.

– Біз сол күндері Алматы-Ақтөбе бағытындағы пойызға 26 жолаушыны отырғызып, Шымкент станциясына дейін жеткіздік. Нұр-Сұлтан-Шымкент бағытындағы «Тұлпар-Тальго» жүрдек пойызына да 36 жолаушыны мінгізіп жібердік. Сонымен қатар Алматы-Маңғыстау бағытындағы 128 жолаушыны, Нұр-Cұлтан-Шымкент бағытындағы пойызға 236 жолаушыны тағы отырғыздық. Бәрі ақысыз, тегін. Келесі күндері шарасыз күйге түскен тағы 67 жолаушы жеткізіліп, Семей-Қызылорда бағытындағы пойызға отырғызсақ, 78 жолаушыны ПетропавлҚызылорда бағытындағы пойызға, 16 жолаушыны Алматы-Ақтөбе бағытындағы пойызға тағы ақысыз орналастырдық. Бұлардың барлығы межелі станцияларына аман-есен жетіп, теміржолшыларға алғысын жаудырып жатыр, – деді Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі директорының вокзал шаруашылығы жөніндегі орынбасары Бейбіт Садықбаев.

Жауапты маманның айтуына қарағанда, аталған күндері жолда қалған азаматтардың барлығы ыстық тамақпен, өзге де қажетті жабдықтармен қамтамасыз етіліп, қонақ үйлерге тегін жайғастырылған. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты жол қиындығы орын алған Жуалы ауданындағы Боранды станциясынан да Тараз қаласына жөнелтілген 428 жолаушының 367-сі де пойызға тегін отырғызылыпты. Аталған бекеттен Шымкент станциясына дейін 228 адам жіберілсе, оның да 208-і төлемсіз орынмен қамтылған. Қысқасы, сол бір қарлы-боранды күндері «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінің мекемелері арқылы барлығы 1 572 жолаушыға көмек көрсетіліпті. Олардың ішінде 1 162 жолаушы тегін билетпен қамтамасыз етілсе, 410-ы билеттерімен отырғызылған.    

ШЫМКЕНТ

Оңтүстікке де нағыз қыс келді. 21 желтоқсан күні еліміздің оңтүстік өңірлеріне жауған қалың қардан Алматы-Ташкент тасжолы жабылып, бірнеше күн көліктің барлық түріне шектеу қойылып, жолда қалған жолаушыларды құтқару жұмыстары жүргізілді. Ұйытқи соққан ақ түтек боранның салдарынан қаншама жолаушылар жолынан қалып, теміржол көлігіне иек артып, вокзалдарды паналады. Шымкент магистральдық желі бөлімшесінің вокзал шаруашылығы жөніндегі директорының орынбасары Нұрғиса Пошановтың айтуынша, қалың қар жауып және оған қоса жел көтеріліп боран соғып, қарға адым жер көрінбей, автотрассалармен көлік жүру мүмкін болмай қалғандықтан межелі жерге жете алмай қалған жолаушыларға теміржолшылар дер кезінде көмек көрсетуге кіріскен.

– Аймақта қалыптасқан жағдайға байланысты жедел штаб құрылды. 21 желтоқсан күні Түлкібас вокзалынан Тараз вокзалына дейін 52 жолаушы жөнелтілді. 22 желтоқсан күні Түлкібас вокзалынан Тараз вокзалына дейін тағы 267 жолаушы пойызбен жеткізілді. Ал Шымкент вокзалынан Тараз вокзалына 25 жолаушы пойызға отырғызылды. Шымкент және Түлкібас станцияларында жолда қалған жолаушылар үшін барлық жағдай жасалды. Қазіргі таңда қозғалысқа қауіп жоқ. Пойыздар кестеге сай жүріп жатыр, жолдар уақытылы тазартылуда. Түлкібас, күйік асуы сынды таулы-қырлы табиғаты қаталдау өңірлер болмаса Түркістан өңірінде қалың қар жоқ, – деді Н.Пошанов.

Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын