Вокзал кезекшісінің жеңісі

Әлеумет
13.12.2019, 15:40

«Жүз жас есім» жобасына өткен теміржолшылардың бірі - Қостанай магистральдық желі бөлімшесі ДС-2 вокзал бастығының көмекші кезекшісі Айнагүл Ақдәулетова. Ол персоналмен жұмыс жасау бағытында үздік болып танылды.

Вокзалға 19 жасында қызметке келген жас теміржолшы 13 жылдан бері осы көпшілікпен бетпе-бет келетін сервис саласындағы қызметін атқарып келеді. Бұл форумға екінші рет қатысып отыр. Қоғамдық шаралар белсендісі. Би билеп, домбыра шертеді. Байқауларға қатысады. Салада алған марапаттары жетерлік. Ұлы жеңіс күніне орай 9 мамырда волонтерлік іспен айналысады.

– Халықпен жұмыс істегесін күн сайын түрлі қиын жағдайлар болып жатады. Мысалы, кассадағы кезек күту, билет қайтару мәселесі де өзекті. Әсіресе, соңғы енгізілген жаңашылдықтар бойынша кемшіліктер болды. Кешкі жетіде болса пойыз кетпей тұрып немесе кеткеннен кейін 40 минут ішінде тапсыруы керек. Сондай мәселелерді шешуде өз ұсыныстарымды айттым. Осы орайда жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту туралы ойларымды басшылыққа жеткіздім, компания табысын арттыруға ықпалы зор болғандықтан осы ұсынысым қолдау тапты. «Жүз жас есім» жобасына өзімді ұсынып, барлық талаптарын орындадым, сөйтіп жобаға өттім, – дейді ол.

Нағашылары жағынан үшінші буын теміржол өкілі болып табылатын оның бауырлары да осы салада. Ауысымдық қызметінде тек өз жұмысынан бөлек вокзал іші мен аумағындағы қауіпсіздікті жауапкершілігіне алады. Сондай түнгі ауысымдарда түрлі қиын жағдайларға душар болған жандарға шарапаты тиген Айнагүл алғысқа бөленіп жүрген қызметкерлердің бірі. Өз мамандығын да, адамдарды да жақсы көретін теміржолшы арудың алар асулары алда. 

Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын