Жобаға енген есім

Әлеумет
13.12.2019, 15:43

Ұлттық компанияда биылғы Жастар жылына орай «ҚТЖ-ның 100 жас есімі» жобасы іске қосылды. Сол тізімге енген жастардың бірі – Атбасар белгі беру және байланыс дистанциясының байланыс диспетчері Әсем Қоласбаева. 

Теміржолда 10 жылдан бері еңбек етіп келе жатқан ол – өз ұжымында өте белсенді қызметкерлердің бірі. Кәсіби біліктілігіне қоса қоғамдық және компанияның жастар саясатын жүзеге асыру шараларына үздіксіз атсалысады. Бұл форумға екінші рет қатысып отыр. Бірінші рет 2013 жылы 26 жасында «Жас үздік диспетчер» атағы бойынша марапатталған екен.

– «Жүз жас есім» жобасының шарттарына сай барлық тапсырмаларын орындадым. Үш жүзден астам жас теміржолшы қатысқан үлкен байқау болды. Онда 2 минутта өзіңді өзің таныстырасың. Соның барысында осы уақытқа дейін қандай жетістіктерге жеткеніңді, өзің туралы қандай газеттерге шыққанын, қандай марапаттар алып, не өнерің бар екенін айтасың. Анкета толтырасың. Сол қатысқан көп жастың ішінен бізді таңдады. Байқау үш кезеңнен тұрды, екіншісі бейнеконференциямен 1 сағат сөйлестік. Қалай жауап бергенімізге, жұмысымызды қаншалықты білетінімізге қарады. Ситуациялық жағдайларға қаншалықты жауап бере алатынымызды көрді. Сол сынақтардың бәрінен ойдағыдай өттім, – дейді «Жүз жас есімнің» бірі Әсем.

Әсем – бүгінде екі баланың анасы. Қазақстан теміржолында жастар қатарына жататындар жасын 29-дан 35-ке ұзартқандықтан, ол өз мүмкіндігін байқап көруді ойлаған. Жолдасы да осы салада, Атбасарда локомотив шаруашылығы бойынша шебер болып жұмыс істейді. Әсемнің айтуынша, бұл тізімге кіріп, атағын алып, белгісін тағып алған соң шаруа бітпейді. Алдағы уақытта олар үнемі қатаң бақылауда болады. Ай сайын өздеріне бөліп тастаған өкілдер олардың болашақта дамуына көмектеседі. – Біз осымен қалмауымыз керек. Компаниямыздың, жастардың ұраны «Благо» болғандықтан біз игі істерімізбен көріне беруіміз қажет. Бірінші кезекте, әрине, ол адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа ешуақытта жол бермеуге тиіспіз. Осы атқа лайықты болуымыз керек. Кейінгі жастарға да айтарым – компаниямыз ұйымдастырып беріп отырған осындай форумдарға қатысып, өздеріңізді көрсетуге ұмтылыңыздар. Сонда ғана өсіп, дамисыздар. Бәрі өз қолдарыңызда дегім келеді, – дейді ол. 

Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын