Екпін Еріктілер жылына берілді

Әлеумет
13.12.2019, 17:48
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды Еріктілер жылы деп жариялады. Волонтерлікті дамыту мақсатындағы қаулыда Үкіметке осы жылды өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.

Еріктілік дегеніміз – адамның өз еркімен ақысыз көмек көрсетуі. Көп елде бұл өте жақсы жолға қойылған. Қазақстанда еріктілік қарқынды дамып жатқанына қарамастан зерттеулерге сәйкес жастардың 82,6 пайызы еріктілікпен айналыспайтыны анықталған. Әрбір бесінші жас волонтерлік туралы естімеген. Осыған орай форум аясында «Самұрық Қазына» ұлттық ӘАҚ қолдауымен Еріктілер тақырыбына арналған арнайы тренинг ұйымдастырылды. Оны «Qazaqstanteam» республикалық жастар ұйымының жетекшісі, белгілі журналист Асхат Садырбай өткізді.

Мәжіліс залында жиналған жастарды бірнеше командаға бөліп, оларға еріктілер тобын құру, атын белгілеу және қандай бағытта жұмыс істейтінін көрсету бойынша тапсырмалар берілді. Теміржол жастары 4 командаға бөлініп, өз ұсыныстарын сахна төрінде 3 минут ішінде таныстырды. Олардың бірі экологиялық бағыттағы жобасын ұсынса, тағы бір топ донорлықпен айналысу, қоршаған ортаны тазалау, концерт ұйымдастырып, содан түскен ақшаны қайырымдылыққа беру, көшеде қоғамдық тәртіпті қадағалап тұрған тәртіп сақшыларына көмектесу, «Асарды» жаңғырту бойынша бірнеше ұсыныс білдірді. Тағы бір топ жобасы – еріктілерді қалай тартуға болатынына арналды. Көп жастар ерікті болудан неге бас тартады, соның себеп-салдары талданды. Мәселен, теміржолшылар арасында өрістету үшін оларға ерікті болғаны үшін пойызда жүруге жеңілдіктер ұсынылса, әр өңірдегі Жастар кеңесінің басшылары еріктілер командаларын құрса, соларды бір-бірімен жарыстырса, олар бәсеке барысында көп іс тындырар еді деген пікірлер айтылды. Жыл соңында ең мықты еріктілер командасын марапаттап, ынталандыру керек.

Сондай-ақ олар жылдағы 12 айдың әрқайсысын сол маусымның ерекшелігіне қарай игілікті істер атқаруға арнауы керек деген де ұсыныстар айтылды. Оның ішінде қайырымдылық кештер, қарттар үйіне бару, жалғызбасты ата-аналардың балаларына керек-жарағын алып беру, табиғатты қоқыстан тазарту және т.б жұмыстар кірмек. Төртінші команда «Ардагерлерді ардақтайық» тақырыбымен қарттарға көңіл бөлу керектігін жеткізді. Залдағы қатысушылардың дауыс беруімен аталған төрт жобаның ішінен үшіншісі бірінші орын, ардагерлерге арналған жоба екінші, экологиялық бағыттағы жоба үшінші орынды иеленді. Барлық орындарға ұйымдастырушылар атынан сыйлықтар берілді.

– Өзім де еріктімін. Қолдаймын. Кеше ғана Мемлекет басшысы еріктіліктің маңызын, соның ішінде корпоративтік волонтерлікке көбірек көңіл бөлу керектігін айтты. «ҚТЖ» компаниясы жұмысшы-қызметкерлерінің көптігімен ғана емес, аймақтардың бәрін қамтитындығымен ерекше екенін бәріміз жақсы білеміз. Сондықтан бұл бастама компания шеңберінде жоғары деңгейде өтетініне бүгінгі тренинге қатысушылардың белсенділігінен де байқап тұрмыз, жақсы ойлар мен тиімді ұсыныстар айтылып жатыр, – деді А.Садырбай.

Жастар арасында жүргізілген сауалнамада әлі волонтер болған емеспін дегендер болған, сондықтан волонтерлікке қалай тіркелу керектігі экранда арнайы сайтты көрсету арқылы таныстырылды. Тренинг өткізуші ұйым өкілін «ҚТЖ» ҰК» АҚ атынан Адами ресурстарды басқару департаментінің бас менеджері Ақмарал Байғабылова Алғыс хатпен марапаттады. Одан әрі өткен мастер-класс «Жоба менеджменті» байқауы бойынша аса маңызды саналатын «Жобаны басқару» тақырыбына арналды. Оны компанияның автоматтандыру және цифрландыру дирекциясы директорының орынбасары Асылбек Жұмадыров өткізді. ІТ дамуына жауапты маман жастарға жобаларды басқару негіздері туралы егжей-тегжейлі ақпарат берді.

Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын