Коронавирустың алдын алу мақсатында "Ауруға жол жоқ!" атты акция өтті

Әлеумет
31.01.2020, 14:48
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Достық станциясының бір топ ерікті жас теміржолшысы Қытай елінде пайда болған коронавирустың алдын алу мақсатында "Ауруға жол жоқ!" атты акция өткізді.

Қытаймен шекаралық станция үшін көрші елде бұрқ ете қалған тәж вирусы қаншалықты қауіпті екені айтпаса да түсінікті.

Акция барысында станцияда іссапарда жүрген қытайлық теміржолшыларға, осы азаматтармен тікелей жұмыс жасайтын Достық кедені, "Кедентранссервис" АҚ және әскери күзетші қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, арнайы плакаттар, медициналық маскалар таратылды.

Еріктілер тобы өз қаржыларына 70-80 маска алып, 27 қаңтар күні ауысымда болған станцияның теміржолшыларына таратты. Бұл істі басшылық та қош көріп, қолдау танытып, жұмыс барысымен көрші елге барып-келіп жүретін теміржолшыларға маскалар таратып беруде.

– «Сақтықта қорлық жоқ» демекші, бұл жақта ешқандай қауіп жоқ болса да, станция қызметкерлері бүгінде толықтай маска киіп отырады. Ал жүк тасымалы әдеттегідей үздіксіз жүріп, жұмыс тоқтамай атқарылып жатыр, – дейді еріктілер тобының мүшелері, жас теміржолшылар Батыржан Ахметжанов пен Данияр Бимашев. 

Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді