Көмек сұраған құралақан қайтпайды

Әлеумет
06.02.2020, 12:19
Асхат Райқұл

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің Жамбыл өңіріндегі қосынына Жаңатас станциясының теміржолшысы Қанат Әбусабыров деген жігіт келді. Жақында әкесінің көзіне күрделі ота жасалған, оның шығыны 250-300 мың теңгенің көлемінде. Енді дәрі-дәрмегіне, өзге де күтім шараларына қаражат керек көрінеді.

Оның сөзіне қарағанда, жалақысы тұрмыстық қажеттіліктеріне жетіп тұрғанымен, әкесінің денсаулығына қатысты тосын шығыннан қаржылық жағынан тоқырап қалған. «Әлбетте, туған әкеміз болған соң, оның ауыртпалығын міндетсінбейміз ғой. Десе де, жұмыс орнымнан қандай да бір қолдау, көмек болса деп едім. Өйткені, әкемнің ем-домына көп қаражат жұмсадық, әлі де керек», – дейді Қ.Әбусабыров.

Осы мәселеге байланысты Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесінің бастауыш кәсіподақ ұйымына хабарласқан едік. Ұйым төрағасы Серік Ақшораев сауалымызға жан-жақты жауап берді.

«Негізі бастауыш кәсіподақ ұйымы көмек сұрап келген теміржолшының ешқайсысын құралақан қайтарған емес. Мәселен, жақында ғана 3764 разъездегі маманымыздың екі бірдей мүмкіндігі шектеулі баласына қаржылай көмек көрсеттік. Екінші топтағы мүгедек санатына жататын қос жеткіншекке биыл үшінші жыл қатарынан қамқорлық танытып келеміз. Сол сияқты, Локомотив депосындағы бір инженеріміз ауыр дертке шалдығып қалды. Үнсіз отыра алмадық, оған да қолымыздан келген көмегімізді аяған жоқпыз», – деген ол бастауыш кәсіподақ ұйымы тарапынан ай сайын тек қана осылай көмек сұрап келген теміржолшыларға 200-250 мың теңгенің шамасында қаржы үлестірілетінін айтты.

Серік Ақшораевтың айтуынша, жалпы Жамбыл өңіріндегі он мыңға тарта теміржолшыға кәсіподақтар тарапынан көрсетілетін қайырымдылық көмектің көлемі ай сайын 1 миллион теңгені құрайды.

«Біз аймақтағы теміржол саласына еңбек сіңірген ардагер теміржолшыларымыздың да өтініштерін жерге тастамаймыз. Мәселен, жақында 82 жастағы жалғызбасты қария келді. Жамбыл жол бөлімшесінде ұзақ жылдар қызмет атқарған екен. Зейнетақысы ем-домына, күнделікті қажеттіліктеріне жетпейтінін айтты. Оны да құрқол қайтармадық. Негізі теміржол саласында қызмет ететін мүмкіндігі шектеулі жандар аз емес. Заңға сәйкес олардан табыс салығы ұсталмайтынын да ескертеміз» деген бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы жұмысшылардың құқын қай бағытта да қорғай беретіндерін жеткізді.

Қанат Әбусабыровтың өтінішіне байланысты да кәсіподақ ұйымы тарапынан көмек көрсетілмек. Теміржолшы жігіт әкесіне ота жасалғаны туралы медициналық анықтама, кадр бөлімінің тиісті құжатын және өтінішін жазып әкелуі керек. 

Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты