Теміржолшылар екі күннің ішінде 500 машина қар шығарды

Әлеумет
25.02.2020, 08:10

Өткен аптаның тек бейсенбі мен жұма күндері 1500 теміржолшы елорда көшелерінен 500 машина қар шығарды. Қармен күрес жұмыстары «Өндіріс» тұрғын алабы, «Агроқалашық» шағын ауданы және Қырқыншы станциясының көшелерінде өтті.

20-21 ақпанда өз еріктерімен қар тазалауға шыққан теміржол қызметкерлері көшелер және тротуарларды ғана емес, сонымен бірге зейнеткерлер мен жалғыз тұратын қарттардың да аулаларын қыс бойы сіресіп жатқан қалың қардан тазалап берді. Бұл күндері қар тазалау құралдарымен «қаруланған» ұлттық компанияның Орталық аппараты мен «ҚТЖЖүк тасымалы», «Жолаушылар тасымалы», «Қазтеміртранс», «KTZ Express» және өзге де еншілес ұйымдарының басшыларынан бастап қатардағы мамандарына дейін «ҚТЖ 2020 қайырымды іс» бағдарламасы аясындағы қар тазалау бойынша челленджге үн қосты. Жұмысқа 50-ден астам арнайы техника күші жұмылдырылып, шамамен 6 км жол, жүздеген аула, №29 мектептің аумағы тазартылып, КамАз көлігімен без жүзден аса рейс қар шығарылды.


– Ақпан айының өзінде Нұр-Сұлтан қаласында жауын-шашынның екі айлық нор масы түсті десе болады. Көптеген адамдардың өз ауласынан осыншама ауқымдағы қарды шығаруға күші де, техникасы да жетпейді. Оларға көмек қолын созбай отыра алмадық. Теміржолдағы жұмыс кестесінің тығыздығына қарамастан осындай жақсы істерге қашан да уақыт табуға болады, – деді Магистральдық желі дирекциясының директоры Бауыржан Орынбасаров.    

Қала маңында тұратын тұрғындар ерікті теміржолшыларға дән риза. Қалалық коммуналдық қызмет жұмысына айтарлықтай үлес қосып жатқан оларға алғыстарын жаудыруда. Теміржолшылардың бұл бастамасы Еріктілер жылында тіпті де орынды болғанын олардың қармен күреске арнаған екі күнгі жұмыс ауқымы көрсетті. Теміржолшылардың «ҚТЖ 2020 қайырымды іс» бағдарламасы аясындағы қар тазалау бойынша челленджі тек елордада ғана емес, аймақтарда да кеңінен қолдау табуда. Қазақстанның әр түкпірінде теміржолшылар осындай акцияларды өткізіп, Еріктілер жылына өз үлестерін қосуда. 

Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын