Еріктілер жылы: игілік эстафетасы бастау алды

Әлеумет
28.02.2020, 12:24
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды «Еріктілер жылы» деп жариялауына байланысты «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ басшылығы 2020 жылға «Игі істер эстафетасы» жобасын іске қосты.

Осыған орай Қазалы вагон пайдалану депосының бастығы Арғын Орымбаев Шиелі техникалық қызмет көрсету бекетінің теміржолшылары арасында болып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. «Еріктілік жастардың ғана ісі емес, титтей болсын жақсылық, игілік жасау арқылы оған әрқайсымыз үлес қоса аламыз. Жақсылық жасаудан жарысқан, қайырымдылықтан қалыспаған халықтың ұрпағымыз ғой, сондықтан елдік шараға үн қосайық» деді ұжым басшысы.

Шиелі техникалық қызмет көрсету бекетіндегі ұжымдастарымен жүргізілген жұмыстардың соңы бәрін «өзіңнен баста» қағидасына орайластырылып, вагон пайдалану депосының теміржолшылары бұл бастаманы бірауыздан қолдайтындарын жеткізді. Игілікті өздерінен бастауды ұйғарған вагоншылар мекеменің жұмыс бөлмелерінен басталған тазалық жұмысы мекеме ауласында жалғасын тапты. Жұмыстан тыс уақытта құрал-саймандарын алып өз жұмыс орындарын, мекеме аулаларын тазалап, таптұйнақтай етті.

– Қазалы вагон пайдалану депосы ұжымының жұмыстан тыс уақытын өз еріктерімен игілікті іске арнайтын жобасын бүгін осы Шиелі бекетінен бастап отырмыз, бұл алдағы уақытта барлық филиалда және әр қырынан жалғасын табатын болады, – деді Қазалы вагон пайдалану депосының бастығы Арғын Орымбаев.

Вагоншылар ұжымының теміржолшылары келесі кезекте қамқорлықты қажет ететін жандарға рухани-демеу тұрғыдан қайырымдылық, қолдау жасауды іске асырмақ.

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда