Теміржолшы Аягөздің құрметті азаматы атанды

Әлеумет
04.03.2020, 12:03
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма басшысының жанындағы консультативтік кеңестің тұрақты мүшесі, Семей ЖТ бөлімшесі бойынша ардагерлер кеңесінің төрағасы, Құрметті теміржолшы Қырықбай Әлсейітов «Аягөз ауданының Құрметті азаматы» атанды.

Теміржолшылар қаласы саналатын Аягөз шаһарынан арнайы келген жергілікті әкімдік өкілдері Қырықбай Әлсейітұлына құрмет көрсетіп, салтанатты жиында «Аягөз ауданының Құрметті азаматы» төсбелгісін тақты.

Алғашқы еңбек жолын Аягөз локомотив депосында, бүгінгі ТЧЭ-25 мекемесінде бастаған ардагер ерен еңбегінің арқасында еліміздің бірқатар аймағында тепловоз пайдалану деполарының директоры, бөлімшенің бас инженері дәрежесіне дейін өскен.

Аягөз ауданының әкімі Ділдабек Оразбаев ардагердің Аягөз өңірін дамытуға қосқан үлесін ескеріп, аудандық мәслихаттың шешімімен мұндай құрметке лайық деп танығандарын жеткізіп, тарлан теміржолшының өңіріне төсбелгіні өз қолымен тақты.

– Даңқты теміржолшылар ұстаханасы саналатын Аягөз локомотив пайдалану депосында еңбек еткен жылдары Қырықбай Әлсейітұлы өңірдегі теміржол саласының өркендеуіне зор үлес қосты. Әсіресе, шәкірттер даярлап, ұлттық кадрлар әзірлеуде еңбегі ерек. Қырықбай ағамыздың тәлімін көрген білікті теміржолшылардың көпшілігі бүгінде еліміздің әр түкпірінде локомотив пайдалану деполарын басқарып, тіпті ұлттық компанияның орталық аппаратында да лауазымды қызметтерде қызмет етіп жүр, – дейді ақиық ардагер жайында пікір білдірген Семей ЖТ бөлімшесінің кәсіподақ комитетінің төрағасы Асхат Жармұхаметов.

Айта кетсек, осыған дейін Шар қаласының Құрметті азаматы атағын алған Қырықбай Әлсейітұлы 84 жасқа аяқ басса да аттан түскен жоқ. Бүгінде Семей теміржолының ардагерлер кеңесін басқарып, қоғамдық жұмыстың белортасында, кейінгі буынға ақылшы болып жүр.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті