Тараптарды тоғыстырған – Түрксіб

Әлеумет
16.03.2020, 10:11
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей темір жолында Түрксіб құрылысының 90 жылдық мерейтойына арналған шаралар басталып кетті. Осы орайда теміржолшылардың атсалысуымен қаладағы облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Тараптарды тоғыстырған – Түрксіб» атты арнайы көрме ашылды.

Экспозициялық көрменің ашылуына Семей магистральдық желі бөлімшесінің бас инженері Айдос Жаманбаев бастаған теміржолшылар қауымы, кәсіподақ және кадр бөлімінің басшылары, сала ардагерлері мен теміржол колледжінің студенттері жиналды.

Ардагер теміржолшы, «Түрксіб-Семей» мұражайының директоры Мақсұт Көшжанов аталмыш шараның мәнмаңыздылығына кеңінен тоқталды. Өз сөзінде Түрксіб құрылысының ықшам тарихына шолу жасаған Мақсұт Көшжанұлы осынау ғасыр құрылысының қазақ даласына әкелген жаңашылдықтары жайында айтып берді. Атап айтсақ, жаңадан төселген теміржол желісі бойындағы Ақтоғай, Аягөз, Жаңғызтөбе, Жарма, Шар станцияларының құрылуы, теміржолға ұлттық кадр даярлау және Түрксіб дәуірінен бастау алатын бүгінгі Семей теміржолындағы даңқты династиялар жайында тереңнен сыр шертті.

Мұнымен қатар, шежіреге жетік қария Түрксібтің алғашқы жылдарында әр паровоздың орташа тәуліктік жүрісін 500 шақырымға дейін жеткізген «бесжүздіктер қозғалысы» туралы зерттелмей жатқанын айтып өтті. Оның ішінде Б.Әжібаева, Д.Ақтаева сынды қазақ ұлтынан шыққан машинист қыз-келіншектер – жеке тақырып. Семей магистральдық желі бөлімшесінің бас инженері Айдос Кемелханұлы кешегі даңқты Түрксіб құрылысы мен оның ел тарихындағы қосар үлесі жайында пікір білдіріп, осынау ерекше көрмені ұйымдастырудағы теміржолшылардың үлесін атап өтті.

– Бұл көрмені әзірлеуге әсіресе Аягөз жол дистанциясының теміржолшылары үлкен көмек көрсетті. Алдағы уақыттарда да аталмыш бағыттардағы жұмыстарды жүйелі түрде жүргізе беретін боламыз, – деді Айдар Кемелханұлы.

Семей магистральдық желі бөлімшесінің кадр бөлімінің басшысы Данияр Баймағұловтың айтуынша, аталмыш көрмеге жалпы саны 200 жәдігер қойылған. Оның басым көпшілігін желі бойындағы шағын станцияларда қазба жұмыстары кезінде кездейсоқ табылған Түрксіб дәуіріндегі қолданылған тұрмыстық бұйымдар құрайды. Атап айтсақ, латын әрпімен Түрксіб құрылысын салушы теміржолшылардың меншігі екендігі жазылған жез самаурын мен ағаш орындық, ыстық шоқ салынатын темір үтік, сол замандарда әлдекім жоғалтып алған теміржолшы куәлігі және мөр, қайла мен күрек сынды заттар қойылған. Мұның сыртында Түрксіб құрылысының барысы жайында хабар беретін сол замандардағы баспасөз парақтары мен тарихи фотосуреттерге де арнайы орын беріліпті. Аягөз қаласындағы мұрағаттан алынған жәдігерлер бұрын еш жерде жарияланбағандықтан аса құнды.

Көрмені тамашалаушы теміржолшылар мен колледж студенттері әсіресе Түрксіб дәуірінен бері қалыптасқан династиялар жайындағы мүйіске ерекше қызығушылық танытты. Онда жалпы еңбек өтілдері 300 жылдан асатын аягөздік даңқты теміржолшылар Тұяқовтар мен Тоқтағазиндер әулеттеріне қатысты деректер мол екен.

Сүрет semeyainasy.kz сайтынан

Жаңалықтар
04.08.2026
Құрық порты 2026 жылдың І-ші жарты жылындағы жұмысын қорытындылады
Аймақтар
04.08.2026
Боранды бекеттің бас қақпасы
Аймақтар
04.08.2026
Ғасырлық тарихы бар вокзалдар жаңарды
Қауіпсіздік
04.08.2026
Қауіпсіздік сызығынан аттама...
Қауіпсіздік
04.08.2026
Жүргізушілерге жадынама таратты
ҚТЖ келбеті
04.08.2026
Үздік атанған үштік
Жаңалықтар
04.08.2026
Ерен еңбектері еленді
Жаңалықтар
04.08.2026
Астана станциясының теміржол өткелінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Жаңалықтар
04.08.2026
«Жүк тасымалының» жетістігі
Аймақтар
04.08.2026
Мерейлі мереке, лайықты марапат
Аймақтар
04.08.2026
Құрмет төрінде – теміржолшылар
Аймақтар
04.08.2026
Ақтөбеде үздік теміржолшылар марапатталды
Аймақтар
04.08.2026
«Ахау Семей» шырқалған күн...
Аймақтар
04.08.2026
Мерейлі марапат
Аймақтар
04.08.2026
Маңғыстауда үздік теміржолшылар төсбелгілермен марапатталды
Аймақтар
04.08.2026
Сарышағанда «Теміржол саябағы» ашылды
Жаңалықтар
04.08.2026
Теміржолшылардың мерекелік демалысы
Спорт
04.08.2026
Арыстықтар – ауыспалы кубок иегері
Инфрақұрылым
04.08.2026
Бақты-Аягөз теміржол желісінің құрылысында жер төсемін тәуліктік төгу рекорды орнатылды
Жаңалықтар
04.08.2026
Нұрлы жол вокзалында ғимаратты салқындату бойынша қосымша шаралар қабылданады