Түрксібтің 90 жылдығына орай жоспарлы жұмыстар

Әлеумет
29.03.2020, 10:02
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Биылғы Түрксібтің тоқсан жылдығына орай ел шығысындағы Аягөз өңірінің теміржолшылары ғасыр құрылысына қатысты тарихты қайта түгендеуде. Бұл орайда кешегі даңқты сала қызметкерлері мен ерлікке толы күндерді кейінгі ұрпақ жадында қалдыру мақсатында жоспарлы жұмыстар жасалуда.

Әуелгі кезекте Аягөз теміржолын өркендетуде өнегелі ісімен танылған Құрметті теміржолшылардың есімін ұлықтап, қала ішінен көше беру туралы ұсыныс қабылданған болатын. Осы ретте Семей ЖТ бөлімшесінің ардагерлер кеңесінің Аягөз тораптық ұйымының төрағасы Серік Акишевтің күш салуымен соңында өшпес із қалдырған бес бірдей аягөздік теміржолшыларға көше атын беру туралы бастама көтерілді. Ұсынысты аудандық мәслихат депутаттары бірауыздан қолдап, бекіту үшін облыстық ономастика комитетіне жолдады.

– Қазіргі таңда Аягөз қаласы бойынша бес бірдей теміржолшының есіміне көше берілген. Әйтсе де, кеңес дәуірінен келе жатқан идеологиялық мәні жоқ көше атауларын ауыстырып, олардың орнына тағы да Түрксіб құрылысымен даңқы шыққан теміржолшылардың атын беру туралы ардагерлер қауымы бастама көтерген болатын. Қазіргі күні шешімін күтіп отырмыз. Мұның сыртында аягөздік Түрксіб құрылысшыларына мемориалдық тақта ашылмақ. Жоспарлы жұмыстар осылай жалғасып жатыр, – дейді Аягөз тораптық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Жақияұлы.

Сонымен қатар, Аягөз локомотив пайдалану депосы жанынан ашылған салалық мұражай тың жәдігер, соны деректермен толығып қайта жаңғыруда екен. Себебі, мұнда Аягөз теміржолына қатысты жәдігерлер өңірдегі сала қызметкерлері мен ардагерлерден, жалпы қалалықтардан үзбей қабылданып келеді. Сол себептен де, мұражай қоры күн санап толыға түсуде.

Осыны ескерген ТЧЭ-25 басшылығы мен ардагерлер қауымы музей ішінен арнайы мүйістер ашып, экспозиция қатарын молайтыпты. Жалпы, Аягөз локомотив пайдалану депосының мұражайы күллі еліміз бойынша қазақ теміржолынан мол хабар беретін ең іргелі орын.

Биыл аталып өтетін Түрксібтің 90 жылдығына орай мұнда келушілер саны арта түседі деп күтілуде. Себебі, бұл музей ғасыр құрылысының барлық кезеңін тұтас қамтиды. Атап айтсақ, Түрксібтің даңқты құрылысшылары фотосуреттері мен сол дәуірдегі қолданылған тарихи теміржол аспаптары жақсы сақталған. Бір бұл емес, аймақ теміржолынан мол мағлұмат беретін байырғы мерзімдік басылымдар мен кітаптар, тарихи фотосуреттер де мұражай төрінен орын алған.

Аягөз бен Жарма әйгілі теміржол династияларымен даңқы шыққан өңірлер. Осы ретте, Шығыстағы шойынжолда еңбек өтілдері жүздеген жылдарды құрайтын атақты әулеттердің шежіресі бөлек тақырып.

– Мұражайға кірген адам бай тарихы бар Аягөз теміржолының кешегі мен бүгінгі тыныс-тірлігінен мол мағлұмат алады. Мерейтойға орай тарихи жәдігерлермен толығып жатқан мұражайды қайта жабдықтадық. Оған әсіресе жергілікті ардагерлер қауымы зор үлес қосып жатыр, – дейді директордың орынбасары Ихлас Ерденов.

Түрксібтің 90 жылдық мерейтой құрметіне бильярд пен шахматтан спорттық шаралар өткізу де көзделіп отыр екен.

Жаңалықтар
04.08.2026
Құрық порты 2026 жылдың І-ші жарты жылындағы жұмысын қорытындылады
Аймақтар
04.08.2026
Боранды бекеттің бас қақпасы
Аймақтар
04.08.2026
Ғасырлық тарихы бар вокзалдар жаңарды
Қауіпсіздік
04.08.2026
Қауіпсіздік сызығынан аттама...
Қауіпсіздік
04.08.2026
Жүргізушілерге жадынама таратты
ҚТЖ келбеті
04.08.2026
Үздік атанған үштік
Жаңалықтар
04.08.2026
Ерен еңбектері еленді
Жаңалықтар
04.08.2026
Астана станциясының теміржол өткелінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Жаңалықтар
04.08.2026
«Жүк тасымалының» жетістігі
Аймақтар
04.08.2026
Мерейлі мереке, лайықты марапат
Аймақтар
04.08.2026
Құрмет төрінде – теміржолшылар
Аймақтар
04.08.2026
Ақтөбеде үздік теміржолшылар марапатталды
Аймақтар
04.08.2026
«Ахау Семей» шырқалған күн...
Аймақтар
04.08.2026
Мерейлі марапат
Аймақтар
04.08.2026
Маңғыстауда үздік теміржолшылар төсбелгілермен марапатталды
Аймақтар
04.08.2026
Сарышағанда «Теміржол саябағы» ашылды
Жаңалықтар
04.08.2026
Теміржолшылардың мерекелік демалысы
Спорт
04.08.2026
Арыстықтар – ауыспалы кубок иегері
Инфрақұрылым
04.08.2026
Бақты-Аягөз теміржол желісінің құрылысында жер төсемін тәуліктік төгу рекорды орнатылды
Жаңалықтар
04.08.2026
Нұрлы жол вокзалында ғимаратты салқындату бойынша қосымша шаралар қабылданады