Материялдық көмек - мұқтаж жандарға

Әлеумет
13.04.2020, 09:30
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Республикалық «Біз біргеміз!» акциясына аягөздік теміржолшылар да қалыс қалмады. Жергілікті сала мамандарының атсалысуымен жуырда аудан көлеміндегі аз қамтылған, жалғызбасты, тұрақты кіріс көзі жоқ, сондайақ, көпбалалы отбасылар мен теміржол саласы ардагерлеріне материалдық көмек көрсетілді.

Аталмыш бастамаға Аягөз станциясы бойынша тораптық ардагерлер кеңесі мен жергілікті мекемелердің кәсіподақ ұйымдары, іргелі теміржол кәсіпорындары зор үлес қосты. Айта кетерлігі, аудандық әкімдіктің ұсынысы бойынша қайырымдылық шаралары тек теміржолшылар қауымына ғана емес, қиын жағдайға тап болған барша аягөздіктерге көрсетілді.

20-дан аса отбасыға бір реттік жәрдем көрсетіліп, мұқтаж жандарға азық-түліктер мен көпреттік пайдалануға жарамды бетперделер табыс етілді. Алдағы уақыттарда мұндай шараларды жалғастыру көзделуде. –

Аягөз жол дистанциясы бойынша көпреттік медициналық бетперделер тігіліп, бір күннің ішінде жергілікті сала қызметкерлеріне тегін таратылды. Оның сыртында арнайы антисептикалық бұйымдар алынып, желі бойындағы жолшылар қауымына толықтай үлестірілді, – дейді ПЧ-42 мекемесінің кәсіподақ ұйымының төрағасы Жанатқали Құндақов.

Жалпы, аудан бойынша ұйымдастырылған қайырымдылық шараларына жергілікті Аягөз локомотив жөндеу депосы мен Аягөз локомотив пайдалану депосы айрықша үлес қосыпты. Аталмыш мекемелердің белсенділері жергілікті Жастар ресурстық орталығының еріктілерімен бірлесіп әкімдік берген арнайы тізім бойынша қиын жағдайда қалған жандарға қол ұшын созуда. Жергілікті жұртшылық осыған дейін де демеушілік шараларымен танылған аягөздік теміржолшылар қауымына алғыс айтуда.  

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті