Боранқұлдықтар бастамасы үлгі болғай

Әлеумет
13.04.2020, 10:19
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстаудың Бейнеу ауданына қарасты Опорная станциясы орналасқан Боранқұл ауылының тұрғындарының дені теміржолшылар. Боранқұлдықтар Маңғыстауда коронавирусқа шалдығудың алғашқы дерегі анықталған бірінші күннен әрекет етіп, ауыл халқының денсаулығы үшін індетке қарсы күресті бастады.

Алдымен, тұрғындар өз ауылдарына өздері карантин енгізді. Енді облыста вирус жұқтыру дерегі 3-ке жеткесін, аталған тәртіпті одан әрі қатайта түсуде.

Елдімекеннің үстінен өтетін теміржол мен ауылға келетін тас жолға бақылау орнатты. Тұрғындардың өздері ерікті түрде кезекшілікте тұрып, сырттан келген бейтаныс адамдарды бақылап, жүріп бара жатқан пойыздан сыртқа шыққан жолаушының жергілікті халықпен байланыс орнатпауын қадағалап отырды.

− Елде болып жатқан жұқпалы індетке қарсы біздің ауылдың тұрғындары Боранқұлға сырттан адам кіргізбейік те, іштен ешкімді шығармайық та, деп бірауыздан келісіп отыр. Еріктілер автожолдарды, пойыздар жүріп тұрған кезде түскен-мінгендерді бақылап, адамдардың перроннан ұзап кетпеуін, өз вагонының алдында тұруын, әсіресе жергілікті адамдармен байланысқа түспеуін ескертіп тұрды. Бүгінде жолаушы пойыздары тоқтады, бірақ жүк құрамалары ара тұра келіп-кетіп жатыр, – деді бұл туралы ақпар берген Опорная станциясының бастығы Мұртаза Алдоңғаров.

Оның айтуынша станция кезекшілері пойыз келіп тоқтаған сәттері дауыскүшейткішпен жолаушылардың қауіпсіздік сақтауын, сыртқа шықпауын, шыға қалған жағдайда өз вагонынан ұзап кетпей, жергілікті адамдармен контактіде болмауын, қайта мінуін ескертіп отырған. Сондай ақ, перрондағы саудаға мүлде тиым салынған. Жақын жердегі дүкендердің бәрі де пойыздың келер уақытында жұмысын тоқтатып, есігін тарс жапқан. Әрине, қазір жолаушылар пойызы жүруін тоқтатқан. Бұл станцияның үстінен соңғы жолаушы пойызы сәуірдің басында өткен. Дегенмен, Борақұл халқы әлі де сақтақ шараларын мүлтіксіз сақтап отыр.

Ендеше, боранқұлдықтардың бастамасы әлі күнге арқасын кеңге салып коронавирусты елемей жүрген бәз біреулерге үлгі болса керек. 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті