Соғыс және тыл ардагерлеріне құрмет

Әлеумет
24.04.2020, 11:56
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Алматы жүк тасымалы бөлімшесінің бір топ еріктілері «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры компаниялар тобының жыл сайын өткізетін «Жеңіске – 75 қадам» әлеуметтік қайырымдылық жобасына үн қосты.

Алматылық ерікті теміржолшылар жастар бір аптада әрбір ауыл-ауданды аралап, Ұлы Отан соғысы және тыл ардагерлеріне құрмет көрсетумен қатар, материалдық көмек көрсетті. Олар өз күштерімен дайындаған азық-түлік пен керек-жарақты 40 ардагердің үйіне апарып берді.

Бөлімшенің қозғалыс қауіпсіздігі қызметінің вагон шаруашылығы жөніндегі ревизоры Диас Байғонысовтың айтуынша, бұл қайырымдылық көмекті атқаруға жалпы бөлімше бойынша 19 ерікті теміржолшылар жұмылдырылған. Олардың қатарында Алматы-1 станциясының орталықтандыру жүйесінің операторлары, вагондар жылдамдығын реттеушілер, Алматы локомотив пайдалану депосының, бөлімшенің шұғыл басқару және есеп бөлімінің, қозғалыс қауіпсіздігі қызметінің мамандары бар.

– Еріктілердің көбі жастар деуге болады. Қазіргі төтенше жағдай кезінде біз – жастар алғы шетпе жүрмегенде кім жүреді?! Әрине сақтық шараларын ұмытқан жоқпыз. Ардагерлердің үйіне баратын еріктілердің қауіпсіздіктерін толық қамтамасыз еткесін ғана жолға шықтық. Бүгінде жастары жүзге жеткен соғыс және тыл ардагерлерінің хал-жағдайын сұрап, мұң-мұқтаждарына құлақ астық. Олар көрсетілген көмекке алғыстарын жаудырып, батасын беруде, - дейді Д. Байғонысов.

Ерікті жастар амандаса барған тыл ардагерлерінің бірі Атыбай Сұлтанқожаева 111 жаста екен. Өзі көп балалы Батыр ана. Тағы бірі - соғыс ардагері Виктор Кашкаров. Әрине, бүгінгі бейбіт заман үшін жан аямай күрескен ардагерлер тек Жеңіс күні емес, әр күні құрметке лайық. Сол сый-құрметті көрсетуге мүмкіндік беретін «Жеңіске – 75 қадам» жобасы ардагерлерге жыл бойы қамқорлық жасауды көздейді.

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті