Еріктілер еңбегі елеулі

Әлеумет
30.04.2020, 09:17
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Қазір адамдардың санасын ғаламтордың құдіреті билеп алған шақта ұрпағының бойына қайырымдылық қасиеттерін сіңіріп өсірген қазақтың даналығына сүйсініп, арамызда жаны ізгілікке толы жастардың қалың шоғыры бар екенін көріп сүйсінеміз.

Сөзіміздің дәлеліне, шымкенттік теміржол жастарынан құралған еріктілер тобының игі бастамасын, жолай ақтөбелік жастар жалғастырып, соңын атыраулық еріктілер тәмамдаған оқиға негіз болмақ. Сонымен...«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы биыл «Еріктілер жылы» аясында «2020 игі іс» бағдарламасын қабылдап және оны теміржолшылар қауымы, әсіресе, жастардан құралған еріктілер тобы белсене қолдап, жүзеге асыруға білек сыбана кіріскен еді. Бүгінде бағдарламада қарастырылған 2020 игі істің жартысынан көбісі орындалып үлгерген. Сондай игілікті істің бірінің жүзеге асуына биылғы ақпан айында Шымкент жүк тасымалы бөлімшесінің жас қызметкерлерінен құралған еріктілер тобы ұйытқы болыпты. Жас теміржолшыларға 7 жасар қызымен қиын жағдайға тап болған Рустем Үркімбаевқа Атырауға дейін теміржол көлігімен жетіп алуға көмектесуге ұсыныс келіпті.

Теміржолшы жастар лезде бұл ұсынысқа үн қатып, өз қалталарынан ақша жинап, мұқтаж жандарға Шымкенттен Атырауға дейін пойызға билет сатып алып шығарып салыпты.

«Теміржолдағы ерікті жастардың чаты бар. Соған шымкенттік жастар Рүстем мен оның қызын пойызға отырғызып жібергендерін жазып, атыраулық жастарға оларды қарсы алып, көмек көрсетулерін өтінген болатын. Мұны естіген Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесінің еріктілері Қандыағаш станциясы арқылы өтетін транзиттік жолаушылар пойызындағы Рүстем мен оның жеті жасар қызын аталған станцияға келіп тоқтағанда ыстық тамақпен қамтамасыз етіп, Атырауға жөнелтіп салды. Ал Атырауға түнде келіп тоқтаған пойыздан жолаушыларды Атырау жүк тасымалында еңбек етіп жатқан жастар қарсы алып, діттеген жерлеріне жеткізіп салыпты», – деп жастардың қайырымды істерімен бөлісті «ҚТЖ» ҰК» АҚ Адами ресурстарды басқару департаментінің менеджері Нәзира Бердібекова. 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті