Семейлік теміржолшы жастар ардагерлерге сыйлықтар таратты

Әлеумет
06.05.2020, 10:04
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семейлік теміржолшы жастар «ҚТЖ» ҰК» АҚ бойынша қолға алынған «2020 қайырымды іс» бағдарламасы аясында «Жеңіс» жобасын соғыс ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне, Ленинград блокадасында болғандарға сыйлықтар таратудан бастады.

Бөлімшедегі жастар ұйымының белсенділері ең әуелгі кезекте ардагер-теміржолшы, қарт майдангер Дмитрий Литвиненконың үйіне келді. Еріктілерге есікті өзі ашып, құрметпен қарсы алған қарияның жүзінен жас буынға деген ризашылық пейіл білініп тұрды. Өңіріне Қазақстан туы түстес көгілдір жеңіс лентасын таққан, қазақ тілінде жатық сөйлейтін қарттың денсаулығы жақсы, әлі тың екен. Амандық сұрай келген жас теміржолшыларды сөзге тартты. Соғыс даласында түскен жастық шағындағы фотосуреттерін көрсетіп, қаруластарын, кейіннен ШЧ-29 мекемесіндегі еңбек еткен жылдары мен байырғы әріптестері жайлы әңгімелеп, өткен күндерді еске алды. Жастарға баталы тілек білдірді.

– Теміржолшы жастар қауымы бірлесіп Семей қаласында тұратын жалпы саны 25 соғыс ардагеріне арнайы әзірленген сыйлықтарымызды жеткіздік. Әңгіме-дүкен құрып, көңілдерін көтердік. Расында майдангерлер арамызда аз қалыпты. Әйтсе де, сол қарт жауынгерлердің әңгімелері біз үшін ерекше әсерлі болды. Кейінгі буын үшін өнеге болсын деп, барлығының соғыс жылдарындағы, соғыстан кейінгі теміржол саласын өркендетуге арнаған еңбек жылдары жайлы бейне түсірілімдер жасадық. Қазіргі уақытта бейнефильмдер даярлап, деректі туындылар әзірлеу үстіндеміз. Олардың барлығы әлеуметтік желілер арқылы өскелең буынға паш етілетін болады, - дейді аталмыш ісшараны ұйымдастырушылардың бірі, белсенді жас, Семей станциясының операторы Бауыржан Мұратұлы. Соғыс ардагерлерінің арасында қилы тағдыр иелері бар екен. Бірі батыс майданда Берлинге дейін жетіп, жеңіс туын желбіреткен соң қиыр шығыстағы соғысқа жапон империалистерін жоюға аттанса, енді бірі Балтық теңізіндегі қиян-кескі ұрыста сүңгуір кемеде матрос болған. Айта кетерлігі, жастардың барлығының да қалалық әкімдік тарапынан төтенше жағдай кезінде қала ішінде жүріп-тұру үшін берілген рұқсаттамалары бар. Сол себепті де, ардагерлерге құрмет көрсету бағытындағы шараларды алдағы 9 мамыр - Жеңіс күніне дейін жалғастыру межеленуде. 

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті